ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ҚЫТАЙДЫҢ РӨЛІ

Authors

  • Zhekenov D. Al-Farabi Kazakh National University
  • Mukhametzhan А.Е. Al-Farabi Kazakh National University

DOI:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.61.3.005

Keywords:

Kyrgyzstan, China, foreign policy, Belt and Road Initiative, SCO, geopolitical relations, economic cooperation, regional security, international partnership

Abstract

Қырғыз Республикасының сыртқы саясатында Қытай көршілес ел болумен қатар, маңызды саяси әрі экономикалық серіктес ретінде ерекше орын алады. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері Қырғызстан мен Қытай үшін сыртқы саясаттағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. Қытайдың Жаңа Жібек жолын дамыту бастамасы Ресей, Қазақстан және Қырғызстанмен бірлесе әрекет етуде маңызды орын алады. «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі» стратегиясын іске асыру Қырғызстан үшін көлік тұрғысынан оқшауланудан шығуға, аймақтық әрі жаһандық нарықтарға тікелей жол ашуға және сауда көлемін едәуір ұлғайтуға жол ашады. Бұл елге энергетикалық ресурстар мен тауарларды тасымалдайтын ірі транзиттік хабқа айналу мүмкіндігін береді.

Қырғызстан мен Қытай бір-бірін өзара толықтыратын серіктестер ретінде ерекшеленеді: Қырғызстан Қытайға қажет көмір, темір, алтын, мыс және алюминий сияқты пайдалы қазбалармен қамтамасыз ете алады, бұл елдің тау-кен өнеркәсібіне ірі инвестициялар тартуға жол ашады. Ал Қытайдың жедел дамып жатқан өнеркәсіптік әлеуеті Қырғызстанның ауыл шаруашылығына негізделген экономикасына қажетті технологияларды ұсыну арқылы оның өнеркәсіптік дамуына серпін береді.

Зерттеу барысында екі елдің қарым-қатынасының мүмкіндіктері ғана емес, сонымен қатар соңғы жылдардағы ресми статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, түрлі саладағы серіктестіктің қауіп-қатерлері де бағаланды.

 

Downloads

Published

2025-10-01

How to Cite

Жекенов Д.К., & Мухаметжан А.Е. (2025). ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ҚЫТАЙДЫҢ РӨЛІ. BULLETIN of Ablai Khan KazUIRandWL Series “International Relations and Regional Studies”, 61(3). https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.61.3.005

Issue

Section

Мақалалар/Статьи/Articles