Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және аймақтану сериясы
ЖАРИЯЛАНЫМНЫҢ ЭТИКАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
«Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы» журналының жарияланымдар этикасы
«Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы / Известия КазУМОиМЯ имени Абылай хана» журналының «Филология ғылымдары», «Педагогика ғылымдары», «Халықаралық қатынастар және аймақтану» сериялары редакциясы өз қызметінде Ғылыми жарияланымдардың этикасы Комитеті (COPE) тұжырымдаған қағидаларды қолдайды және қолданады.Сілтеме: https://publicationethics.org/core-practices
І. Редакцияның міндеттері мен құқықтары
Редакция жұмысты баспаға қабылдау / қабылдамау туралы шешім қабылдағанда жұмыстың ғылыми мазмұнына, өзектілігіне, ерекшелігіне, айқындығына, маңыздылығы мен негізділігін басшылыққа алады. Редакция авторға немесе авторлар тобына журналға жариялау үшін материалдың түскені туралы оны алған сәттен бастап үш-бес күн ішінде хабарлайды.
Алдын ала сараптама процесінде мақұлданған әр мақала жабық рецензиялау көмегімен рецензияланады. Рецензенттерден оң ұсыныс түскен жағдайда және «Strikeplagiarism.com» (КП1-30% және КП2-5% шекті мәндерінің шкаласы) плагиатқа қарсы жүйеде тексерген жағдайда мақаланы жариялау туралы соңғы шешім қабылданады.
Плагиат белгілері бар мақалалар, бұрын мақала, монография, диссертация, диссертация авторефераты, патент, ғылыми есеп және т.б. түрінде жарияланған материалдар жарияланбайды.
Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда (мақала материалының журнал тақырыбына сәйкес келмеуі, этиканың сақталмауы, өзіндік ерекшелігі төмен, техникалық қателіктер және т.б.) редакция материалды қабылдамауға құқылы. Мақала қабылданбаған жағдайда редакция оның қабылданбау себебін талқыламауға құқылы.
Егер жұмыста қателер болса және оларды түзету мүмкіндігі болса, авторға мүмкіндігінше тезірек тиісті түзетулер енгізу үшін мүмкіндік беріледі.
Редакция алқасы журналда материалдарды жариялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы түпкілікті шешімді журнал саясаты мен этикасын, қолданыстағы авторлық құқық туралы заңдарды басшылыққа ала отырып қабылдайды.
Редакция қызметкерлері ұсынылған жұмыстар туралы ақпаратты тиісті авторлардан, рецензенттерден басқа ешкімге жария етпейді.
Қарауға ұсынылған материалдардан алынған жарияланбаған мәліметтер, ақпарат немесе идеялар құпия сақталады, жеке мақсаттар үшін пайдаланылмайды және автордың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.
ІІ. Рецензенттердің міндеттері мен құқықтары
Ғылыми жұмыстарға рецензиялау жарияланатын мақаланың сапасын, нәтижелерді ұсынудың дұрыстығы мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында жабық рецензияны қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Рецензиялауға түскен қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылады, оны редакцияның рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға қарастыруға немесе талқылауға беруге болмайды.
Рецензент басқа адам жазған рецензияға қол қоюға құқылы емес.
Рецензент мәлімделген зерттеу нәтижелері мен нақты негізделген ұсыныстарға объективті және дәлелді баға беруге міндетті.
Рецензия ұсынылған материалдың деңгейі мен айқындығына, оның журнал профиліне сәйкестігіне, нәтижелердің жаңалығы мен сенімділігіне қатысты дәлелді сыни ескертулерден тұруы тиіс.
Рецензент журналдың редакциялық алқасының назарын ұсынылған материалдың басқа материалмен танысу үшін басқа жұмыстарымен айтарлықтай немесе ішінара ұқсастығына аударуы керек, сондай-ақ осы немесе басқа авторлардың бұрын жарияланған мақалаға, тұжырымдарға немесе дәлелдерге сілтемелерінің болмауы фактілеріне аударуы керек.
Рецензенттің ескертулері мен ұсыныстары рецензиялауға ұсынылған материалдың ғылыми деңгейін көтеруге бағытталған, объективті және ұстанымды болуы керек.
Қарастыруға ұсынылған материалдардан алынған жарияланбаған мәліметтерді рецензент жеке мақсаттарда пайдаланбайды.
Рецензенттердің ұсыныстары мақаланы жариялау туралы түпкілікті шешім қабылдауға негіз болады.
III. Авторлардың міндеттері мен құқықтары
Авторлар немесе авторлар ұжымы материалдарды ғылыми журналға жіберу кезінде жұмыстың нәтижелерінің жеткілікті маңыздын, ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін қолдануға болатындығын көрсететін жұмыстың ғылыми мазмұнының өзектілігі үшін жауап береді.
Авторлар немесе авторлар ұжымы ғылыми журналға материалдарды жіберу кезінде зерттеу нәтижелерінің сенімділігіне жауап береді, біле тұра қате немесе бұрмаланған тұжырымдарға жол берілмейді, жарияланатын материалдар тек шынайы фактілер мен ақпараттарды қамтуы тиіс.
Баспаға ұсынылған материалдарда көрсетілген зерттеу нәтижелерінің түпнұсқалығы. Егер жекелеген элементтер бұрын жарияланған болса, автор (немесе авторлар ұжымы) бұрынғы жариялынымға сілтеме жасап, жаңа мақаланың алдыңғы мақаламен салыстырғандағы айырмашылықтарын көрсетуге міндетті. Фрагменттерді немесе тұжырымдарды пайдаланған жағдайда, олар міндетті түрде авторының және бастапқы дереккөздің көрсетілуімен рәсімделуі керек. Рәсімделмеген дәйексөздердің болуына жол берілмейді. Материалдарда өзге жұмыстарды пайдалану пайызының едәуір болуына (жұмыстың түпнұсқалығы кем дегенде 80%-ды құрауы тиіс), сондай-ақ тұтас плагиатқа жол берілмейді.
Бұрын жарияланған немесе басқа басылымдарға берілген материалдар қабылданбайды, ілеспе хатта автор немесе авторлық ұжымы материалдың алғаш рет жарияланып отырғанын көрсетуі керек. Автордың (немесе авторлардың) бір материалды бір уақытта бірнеше журналға беруі немесе бұрын жарияланған мақаланы жіберуі этикалық нормаларды бұзуы болып табылады және бұл жағдай мақаланы қарастырудан алып тастауға негіз болады.
Авторлар жарияланым материалдарын журналда қабылданған ережелерге сәйкес ұсынуы және рәсімдеуі керек.
Авторлар редакция алқасысы мен рецензенттердің жұмысын құрметпен қарап, көрсетілген кемшіліктерді жоюы немесе оларға орынды түсіндіруі тиіс.
Егер автор немесе авторлық ұжым мақаланы қарастыру кезеңінде немесе жарияланғаннан кейін елеулі қателіктер немесе дәлсіздіктер тапса, бұл туралы журналдың редакциясына дереу хабарлау қажет.
IV. Мүдделер қайшылығы
Мүдделер қайшылығы - даулы жағдай, мұнда авторлар, рецензенттер немесе редакция алқасы мүшелері жарияланатын материалға қатысты мүдделі болады және материалдың талқылануына әсер етуі мүмкін. Мүдделер қайшылығы рецензенттің және редакция алқасы мүшелерінің ғылыми пікіріне әсер етуі мүмкін қаржылық, жеке немесе кәсіби жағдайларда туындайды және нәтижесінде редакция қолжазбаны жариялауға қатысты шешім шығарады.
Журналдың жауапты редакторы қолжазбаны жариялау процесінің барлық қатысушыларынан мүдделер қайшылығын ашып көрсетуді талап етуі керек.
Атқарушы редактор, редакция алқасының мүшесі және рецензенттер редакцияның шешіміне қандай да бір әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысы туралы хабарлауы керек. Редакция алқасының мүшелері қолжазба авторының (ларының) зерттеу нәтижелеріне байланысты қандай-да бір бәсекелестік қатынаста болса немесе басқа да мүдделер қақтығысы болса қолжазбаны қарастырудан бас тартуы керек.
Журналға қарастыру үшін қолжазбаны ұсынған кезінде, автор (лар) зерттеуді қаржыландырудың барлық көздері қолжазба мазмұнында көрсетілгендігін мәлімдейді; сонымен қатар ұсынылған қолжазбаға байланысты мүдделер қайшылығын тудыруы мүмкін қандай коммерциялық, қаржылық, жеке немесе кәсіби факторлар бар екендігін көрсетеді. Автор (лар) ілеспе хатта, егер мүдделер қайшылығы болса, олардың пікірінше өз қолжазбаларын объективті бағалай алмайтын ғалымдардың аты-жөнін көрсете алады.
Рецензент қолжазбаға қатысты авторлардың кез-келгенімен бәсекелестік, ынтымақтастық немесе басқа қатынастардан туындайтын мүдделер қайшылығын тудыруы мүмкін қолжазбаларды қарастырмауға тиісті.
Қолжазбаның мазмұнына қатысты мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда жауапты редактор қолжазбаны қарастыру мен рецензиялауды басқа рецензентке тапсырады.
Қарастыру және рецензиялау барысында қатысушылар арасындағы мүдделер қайшылығының болуы қолжазбадан бас тартуды дегенді білдірмейді.
Барлық мүдделі тараптар, мүмкіндігінше, жарияланымның барлық кезеңдерінде кез-келген өзгеріс болған жағдайда мүдделер қайшылығының туындауын болдырмауы керек. Кез-келген мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда, бұл даулы мәселені анықтаған адам бұл туралы редакцияға тез арада хабарлауы керек. Дәл осы ережелер жарияланымдар мен ғылыми этиканың ұстанымдары, стандарттары және нормаларының кез келген басқа бұзылуына қатысты әрекет етеді.
V. Этикаға жат мінез-құлық
Этикаға жат мінезге авторлардың, редакторлардың немесе баспагерлердің төмендегі әрекеті жатады:
- өз мақаласына пікір жазуды өзі қамтамасыз етуіне байланысты,
- келісімшарттық және жалған лицензиялау;
- ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау үшін агенттіктердің қызметтеріне жүгіну;
- авторлардың құрамын бұрмалау;
- жалған ғылыми мәтіндерді жариялау;
- мақалалардың мәтіндерін авторлардың келісімінсіз басқа журналдарға беру;
- авторлық материалдарды үшінші тұлғаларға беру;
- авторлық құқықты және редакциялық процестердің құпиялылық принципін бұзу;
- дәйексөздермен, плагиатпен, фальсификациямен және ойдан шығару айла-шарғысын жасау.
VI. Мақалаларды қайтару немесе түзетуге арналған нұсқаулық
Журнал редакторлары мақаланы қайтару туралы мәселені төмендегі жағдайларда қарастыруы керек, егер:
- материалда қасақана әрекеттер нәтижесінде жарияланған ақпараттың сенімсіздігінің айқын дәлелдері болса (мысалы, деректерді бұрмалау);
- тұжырымдар бұрын басқа басылымда жарияланған болса және қайта жариялау қажеттілігі туралы тиісті анықтама, рұқсат және негіздеме болмаса (б.а., қайталанған басылым жағдайлары);
- плагиат болса;
- этикаға жатпайтын зерттеулерді сипаттаса.
Қайтару туралы хабарлама болуы тиіс:
- қайтару айқын анықталуы керек (яғни түзетулер мен ескертулердің басқа түрлерінен өзгеше);
- жалған жарияланымдардың жағымсыз салдарын азайту үшін мүмкіндігінше қысқа мерзімде қайтарылады;
- мақаланы кім кері қайтару жасағанын көрсету;
- күшін жоюдың себептерін көрсету (саналы түрде жасалған заңсыз әрекеттерді байқамай жасалған қателіктерден ажырату);
- беделді түсіретін, ықтимал жала жабатын мәлімдемелерден аулақ болу.
Қайтарудың негізгі мақсаты - қателіктерге жол берген авторларды жазалау емес, ақпаратты түзету және оның тұтастығын қамтамасыз ету.
Мақалаларды олардың авторлары (авторлары) немесе журналдың редакторы қайтара алады. Бас / жауапты редактор мақаланы қайтару туралы соңғы шешімді қабылдайды. Журнал редакторы мақаланың өрескел заң бұзушылықтарға жол бергендігіне және онда қасақана жалған ақпараттың (немесе қайталау немесе плагиат) бар екеніне көз жеткізгеннен кейін мақала алып тастауы керек.
Журнал редакторлары келесі жағдайда түзетулер енгізу туралы мәселені қарастыруы керек:
- сапалы мақаланың аз бөлігі сенімсіз болып шыққанда (әсіресе байқамай жасалған қателіктерге байланысты);
- авторлар тізімінде қателер болғанда (яғни автор болуға лайықты адам болмағанда немесе оған авторлық критерийлерге сәйкес келмейтін тұлға енгізілгенде), бірақ тұжырымдарды негіздеуде күмәндануға негіз болмағанда.
VII. Түзетулер, кешірім сұрау, теріске шығару туралы жарияланымдар
Журналдың редакторлары барлық жарияланған материалдарға жауапты және олардың жоғары сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Журналдың редакциясы, қажет болған жағдайда, журналдың нөмірлерінде жарияланған материалдарға қатысты түзетулер, түсініктемелер, кешірім сұрау және теріске шығаруды жариялауға әрқашан дайын.
Журнал қаралған қолжазбаларға қатысты шағымдарды жауапсыз қалдырмайды.
Егер даулы жағдай анықталса, редакция бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін барлық шараларды қолданады.