Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және аймақтану сериясы
Материалды жіберу
Материалды жіберуге дайындаудың бақылау тізімі
Жіберу үдерісі кезеңдерінің бірі ретінде авторлар өз материалдарының барлық келесі тармақтарға сәйкестігін тексеруі керек, егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, материалдар авторларға қайтарылуы мүмкін.- Мәтін авторларға арналған Нұсқаулықта сипатталған стилистикалық және библиографиялық талаптарға сәйкес келеді, оны "Журнал туралы" бөлімінен табуға болады.
- Бұл материал бұрын жарияланбаған, сонымен қатар басқа журналда қарау және жариялау үшін ұсынылмаған (немесе редактордың түсініктемелерінде түсіндірме берілген).
- Файл материалмен бірге OpenOffice, Microsoft Word немесе RTF құжат форматында ұсынылған.
- Интернет адресі (URL адресі) мүмкіндігінше сілтемелер үшін берілген.
- Мәтін бір жоларалық интервалмен теріледі; 12 шрифт өлшемі пайдаланылады; белгілеп көрсетуде курсив қолданылады (URL адресін қоспағанда); барлық суреттер, сызбалар мен кестелер құжаттың соңында емес, мәтін мазмұнына сәйкес орналасады.
Авторлар үшін нұсқаулар
«Халықаралық қатынастар және аймақтану» сериясы, «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы» ғылыми журналының авторлары үшін жарияланым Ережелері:
- Авторларға қойылатын талаптар:
- Ғылыми журналға материалдар жариялау Open Journal System - онлайн-ұсыну және рецензиялау жүйелерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
- "Материалдарды жіберу"тарауында тіркеу немесе авторизациялауға болады.
- Мақала электронды форматта тек оны жүктеген соң ғана (Open Journal System) журналы сайтының функционалы арқылы ұсынылады.
- Автор журналда жарияланым жасауға хабарласу үшін ілеспе хат жолдауы тиіс.
- Мақалада автор хабарласу үшін мынадай («*») таңбамен белгіленеді.
- Авторлар міндетті түрде Open Journal System жүйесінде ілеспе хатта жіберілетін мақала/қолжазба еш жерде бұрын жарияланбағанын және мақалада оларға сілтемесіз басқа жұмыстардан алынған мәтін үзінділері жоқ екені көрсетілуі тиіс.
- Редакция плагиатқа тексеру үшін «Strikeplagiarism.com» лицензиялық жүйесін, соның ішінде халықаралық лицензиялық жүйесін пайдаланады.
- Ғылыми этика формаларын бұзуға жол берілмейді: Мақалаларды кері қайтарып алу немесе түзету жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген плагиат, фальсификация, мәліметтерді бұрмалау, басқа жұмыстарды қате талдау, қате сілтемелер және басқалар.
- Жарияланған ғылыми мақала (соның ішінде шолулар) тапсырылған мақсатқа және журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келуі тиіс. Ғылыми мақала - бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық әзірлемелерді, қорытындыларды, ұсынымдарды қамтитын ғылыми зерттеудің, эксперименттік немесе талдамалық қызметтің өз қорытындыларын және аралық немесе түпкілікті нәтижелерін баяндау; немесе жалпы тақырыпқа байланысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларды қарастыруға арналған (жүйелі шолу).
- Журналдың бір нөмірінде автор қосалқы авторларды қоса алғанда, бір ғана мақаланы жариялай алады. Бір мақаланың авторларының саны 4 адамнан аспауы керек.
- Бір автордың мақалаларын журналдың қатарынан екі нөмірінде жариялауға рұқсат етілмейді.
- Автор (авторлар) мақаланың мазмұнына жауапты болады. Редакция алқасы мүшелері "Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы / Известия КазУМОиМЯ имени Абылай хана" журналының бекітілген "Жарияланым этикасына" сәйкес мақалаларды жариялау немесе қабылдамау құқығын өздеріне қалдырады.
- Ғылыми плагиатты анықтау және алдын алу мақсатында "Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ " АҚ плагиатқа тексеру жүйесін пайдалану тәртібі туралы Ереженің" 6-тармағына сәйкес журнал редакциясы жариялауға ұсынылған мақалаларды плагиатқа қарсы тексеруді жүргізеді:
6 т. "Жүйеде ғылыми мақалалардың, өзіндік шығармашылық жұмыстардың жұмысын тексеру тәртібі.
Жұмыс файлының атауы мынадай аббревиатураларды қамтуы керек ҒМ (ғылыми мақала), М (монография), ОӘЖ (оқу-әдістемелік жұмыс), автордың тегі, мысалы, М_ ПОҚ аты-жөні_.
6.1. Жүйедегі ғылыми мақалалар мен өзіндік шығармашылық жұмыстарды тексеру нәтижелері туралы есеппен жұмыс істеу барысында сарапшы КП1 және КП2 рұқсат етілген шекті ұқсастық коэффициенттерін басшылыққа алады. Егер ол асып кетсе, сарапшы есептегі кірме сөздер тізіміне мұқият назар аударуы және қажет болған жағдайда қайта қарауға жіберуі немесе бас тартуы керек. Сонымен қатар, жұмысты түпкілікті қабылдау үшін коэффициенттер рұқсат етілген деңгейге сәйкес келуі керек: шекті мәндер шкаласы KP1-30% және KP2-5%. Автор өзі орындаған жұмысты тексеру нәтижелерімен танысуға құқылы.
Автор өзі орындаған жұмысты тексеру нәтижелерімен танысуға құқылы.
6.2. Сарапшы жұмысты қорғауға қабылдайды, егер:
- жұмыста дәйексөздер көлемі 10% - дан аспайды (КЦ);
- барлық дәйексөздер дұрыс жазылған, ескертулер бар;
- барлық дәйексөздер әдебиеттер тізімінде дұрыс көрсетілген;
- жұмыста алфавитпен ешқандай манипуляция, әріптерді ауыстыру, жасырын мәтін, интервалдар, АҚ белгілер және т.б. жоқ (егер >1 – жұмысты қабылдамасаңыз).
6.3. Толық "ұқсастық есебінің" негізінде сарапшы ұқсастық есебін бағалау хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) №6 қосымшаны толтырады.
6.4. Сарапшы хаттаманы тіркейді, оны жариялауға рұқсат етілмеген жағдайда төменде көрсетілген себептерді көрсету қажет:
- жұмыста табылған кірме сөздер плагиат белгілерін көрсетпейді, бірақ олардың шамадан тыс көп болуы жұмыстың мазмұндық құндылығына және автордың дербестігінің жоқтығына күмән тудырады. Осыған байланысты, кірме сөздерді шектеу мақсатында жұмыс қайта өңделуі қажет
- жұмыста орын алған кірме сөздер жауапсыздықты және плагиат белгілерінің орын алғанын көрсетеді немесе онда кірме сөздерді жасыру мақсатында берілген мәтінді әдейі бұрмалаушылық байқалады.
Мақалаға қойылатын талаптар:
- Ғылыми мақала құрылымы қамтиды:
- Атауы;
- Аңдатпа;
- Тірек сөздер;
- Негізгі ережелер;
- Кіріспе;
- Материалдар мен әдістерді сипаттау;
- Нәтижелер;
- Талқылау;
- Қорытынды;
- Қаржыландыру туралы ақпарат (болған жағдайда);
- Әдебиеттер тізімі.
- Әрбір түпнұсқа мақалада зерттеу нәтижелерінің репродуктивтілігі (болған жағдайда) қамтамасыз етіледі, құрал-жабдықтар мен материалдардың шығу тегі (болған жағдайда) көрсетіліп зерттеу әдіснамасы сипатталады, статистикалық өңдеу әдістері және репродуктивтілікті қамтамасыз етудің басқа тәсілдері ( болған жағдайда).
- Мақала көлемі (атауын, авторлар туралы мәліметті, аннотации, тірек сөздерді, библиографиялық тізімді есептемегенде) кем дегенде 5-тен 16 бетке дейінді (1 б.п.) құрауы тиіс.
- Қаріп кеглі – 14 (аңдатпа, тірек сөздер, әдебиет - 12, кесте мәтіні – 9-11), қаріп – Times New Roman, теңестіру – мәтін ені бойынша, аралығы – 1 см, абзацтық шегініс – 1 см, жиектері: жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2,5 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см.
- Мақаланы ресімдеу тәртібі:
- ӘОЖ шифрлары
- DOI
- Мақала атауы
- Мақала авторлар(ы) (хабарласу үшін «*» таңбасымен авторды көрсету, авторлар саны 4 адамнан аспау керек)
- Аңдатпа (200 сөзден кем емес, 300 сөзден көп емес)
- Тірек сөздер/сөз тіркестері (тірек сөздердің саны кемінде 8)
- Мақала мәтіні (негізгі ережелер, кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелері, талқылау, қрытынды)
- Әдебиеттер тізімі(15-тен аспау керек)
- Әдебиеттердің транслитерациялық тізімі
- Мақала атауы, мақала авторлар(ы) , аңдатпа және екі тілдегі тірек сөздер
- Бірінші жолда сол жақ шетінде жартылай қалың 12 қаріппен ӘОЖ шифры басылады. (Мақаланың мысалын қараңыз).
- Төменде бос орын жоқ, сол жақта, жартылай қалың 12 қаріппен DOI сандық нысанының идентификаторы басылады (DOI редакция арқылы қойылады). (Мақаланың мысалын қараңыз).
- Одан әрі, бір бос жолдан соң, ортасында бас әріптермен (барлығы бас әріптермен), 14 жартылай қалың қаріппен мақала атауы мақала тілінде басылады. (Мақаланың мысалын қараңыз).
- Төменде бос жол тастамай, ортасында 14 қарапайым қаріппен кіші әріптермен мақала авторының (лардың) тегі мен аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны, қаласы, елі, электрондық мекенжайы мақала тілінде көрсетіледі. (Мақаланың мысалын қараңыз).
Хабарласу үшін мақала авторы тегінің алдында ("*") "жұлдызшамен" белгіленеді. (Мақаланың мысалын қараңыз). Авторлар саны 4 адамнан аспау керек.
- Төменде бір бос орыннан соң аңдатпа қызыл жолдан (шегініс 1 см.), 12 кәдімгі қаріппен беріледі, көлемі мақала тілінде 200 сөзден кем емес, 300 сөзден аспайды. (Мақаланың мысалын қараңыз).
- Аңдатпа құрылымы келесі міндетті тармақтарды қамтиды:
- Кіріспе.
- Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары.
- Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы туралы қысқаша сипаттама.
- Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы
- Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдауы, қорытындылары.
- Зерттеудің құндылығы (осы жұмыстың тиісті білім саласына қосқан үлесі).
- Жұмыс қорытындысының практикалық маңызы
- Төменде бос орынсыз тірек сөздер/сөз тіркестері, қызыл жолдан (шегініс 1 см.), 12 кәдімгі шрифтпен, мақала тілінде 8 сөзден кем болмауы тиіс. (Мақаланың мысалын қараңыз).
- Одан әрі бір бос орын арқылы мақала мәтіні басылады, қаріп – Times New Roman, теңестіру – мәтіннің ені бойынша, аралық – 1 см, азат жол – 1 см, жиегі: жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2,5 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см. (мақала мысалын қараңыз).
- Мәтін аяқталғаннан кейін, бірлі-жарым бос орын арқылы "Әдебиет" деген сөз ортасында, 12 жартылай қалың, Бас (барлық бас) қаріппен мақала тілінде басылады, әдебиет тізімі 15-тен аспау керек. (Мақаланың мысалын қараңыз).
Төменде қызыл жолдан әдебиеттер тізімі берілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 3 атаудан кем болмауы керек. Мақала мәтініндегі дереккөздерге сілтемелер тек квадрат жақшада беріледі (дәйексөз келтірместен [1], авторлық мәтінді дәйексөз келтіргенде немесе қайталағанда [1, 29 б.]). Нөмірлеу дәйексөзге қарай жүзеге асырылады. Мақалада электрондық ресурстардан немесе қашықтықтан қол жеткізуден (Интернеттен) алынған дереккөздерді пайдалану кезінде әдебиеттер тізімінде дереккөздің библиографиялық жазбасы және Интернетте толық желілік мекен-жайы бар желілік ресурсқа сілтеме келтіріледі, ресурсқа жүгіну күнін көрсеткен жөн.
Қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттер тізімін ресімдеу МЕМСТ 7.1-2003 "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері" сәйкес жүргізіледі (ҚР БҒМ КОКСОН тізбесіне кіретін басылымдарға қойылатын талаптар). (Мақаланың мысалын қараңыз)
- Төменде бір бос орын арқылы әдебиеттер тізімін транслитерациялау жүреді. "REFERENCES" сөзі ортасында, мақала тілінде 12 жартылай қалың, Бас (барлық бас) қаріппен басылады. (Мақаланың мысалын қараңыз).
Егер мақала ағылшын тілінде болса, онда транслитерация қажет емес. Егер мақала қазақ / орыс тілінде болса, онда әдебиеттер тізімі транслитерацияланған болуы керек. (Мақаланың мысалын қараңыз).
Латыннегізді әдебиеттер тізімін рәсімдеу ережелері (References) "Транслитерация" бөлімінде көрсетілген.
- Төменде бір бос орын арқылы мақала бастапқы құрылымдық бөліктерді қайталаумен аяқталады (екі тілде - мақаланың атауы, мақаланың авторы(лары), Аңдатпа және тірек сөздер):
а) Егер мақала қазақ тілінде болса, орыс және ағылшын тілдерінде;
б) Егер мақала ағылшын тілінде болса, қазақ және орыс тілдерінде;
в) Егер мақала орыс тілінде болса, қазақ және ағылшын тілдерінде (мақаланың мысалын қараңыз).
3. суреттер, кестелер, сызбалар
- Суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б. нөмірленуі мен атауы көрсетіле отырып, тікелей мәтінде ұсынылады. Суреттер, кестелер, графиктер және диаграммалар саны мақаланың барлық көлемінің 20% - ынан аспауы тиіс (кейбір жағдайларда 30% - ға дейін).
Кестелердің, схемалардың, графиктердің және басқа да графикалық материалдардың мәтіні Times New Roman қарпімен 9-11 басып шығарылады, нөмірленеді, кестеден жоғары жолдың ортасында басып шығарылатын атауы болады. Кесте мәтінге сілтемеден кейін бірден енгізіледі. Кестенің атауы кестенің үстінде ортасында жазылады.
Мысалы,
1-кесте. Жоспар түрлері
Атаулы жоспар |
Сұрақ жоспар |
1. Тілдегі математикалық қатаң ережелер 2. Арнайы тілдер 3. Әмбебап тілдер 4. Тіл біліміндегі математикалық құралдар 5. Математикалық әдістерді қолдану
6. Математикалық білімнің қажеттігі |
1. Тіл қандай математикалық қатаң ережелерге бағынады? 2. Қандай тілдер арнайы тілдерге жатады? 3. Әмбебап тілдер қай жерде кездеседі? 4. Тіл біліміндегі математикалық құралдар не үшін қолданылады? 5. Тіл біліміндегі математикалық әдістер қандай мақсатта пайланылады? 6. Тіл маманы математиканы не үшін зерттейді? |
- Суреттердің тақырыптары сурет астына (яғни суреттен кейін) ортада орналасып жазылады және оларға сілтеме жасалғаннан кейін бірден мәтінге енгізіледі.
Мысалы,
1-сурет - Жапон мәдениетіне қызығушылық
- Фотосуреттер (суреттер), иллюстрациялар JPEG (jpg) форматында ұсынылады, рұқсат 300 пиксельден кем емес және жеке файлдармен ұсынылады. Әр кескінге сурет үлгісі бойынша тақырып қажет.
- Мәтінде формулалар саны минималды болуы керек. Формулалар тиісті редакторға терілуі керек.
Мақала үлгісі:
Мақаланың үлгісін жүктеп алыңыз (жаңа қойындыда ашылады)
Жарияланымның құны:
- «Филология ғылымдары» сериясы – 30 000 теңге
– Плагиатқа қарсы тексеру – 3 000 теңге - «Педагогика ғылымдары» сериясы – 30 000 теңге
– Плагиатқа қарсы тексеру – 3 000 теңге - «Халық аралық қатынастар және аймақтану» сериясы – 30 000 теңге
– Плагиатқа қарсы тексеру – 3 000 теңге
Реквизиттер:
«Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ» АҚ
Казақстан Республикасы, 050022,
Алматы қ., Муратбаев көш., 200
РНН: 600700016904
БИН: 011140001654
ИИК: KZ358560000000010712
«Центр Кредит Банкі» АҚ
БИК: КCJBKZKX
КБе 16
Тел.: 292-03-84, 292-03-85, факс: 292-44-73