РЕСЕЙ МЕН ТҮРКИЯ: ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2021.45.3.002Кілт сөздер:
Ресей, Туркия, конфронтация, геосаясат, неосманизм, путинизмАннотация
Мақалада Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасы арасындағы қарым-қатынастарға арналған. Бір-біріне қарама-қайшы саясат ұстанып келген, тарихы соғыс пен геосаяси текетіреске толы екі мемлекеттің қазіргі кезеңдегі серіктестігі халықаралық қатынастарда ерекше құбылыс ретінде қарастыруға қадам жасалады. Ғылыми жұмыста Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасы арасындағы қарым-қатынастарының даму кезеңдері, қазіргі жағдайы мен болашағы зерделенген.
Қазіргі кезеңде халықаралық қатынастарда күрделі өзгерістер орын алуда, постбиполярлық әлемде жаңа ойыншылардың пайда болуы, олардың дәстүрлі күш орталықтарымен қарым-қатынастары бүгінгі таңдағы зерттеушілердің басты назарында.
Әлемде болып жатқан саяси процесстердің даму қарқынының өте жоғары болуы және орын алып жатқан оқиғалар кейде халықаралық қатынастар теориясы тұрғысынан анықтауға қиындық тудыруы байқалады. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде Ресей мен Түркия маңызды рөл атқарады деп есептейміз. Екі мемлекеттің әлемдік саясаттың жетекші акторларына айналуы мен халықаралық саясаттағы белсенділігі ХХІ ғасырдың басынан басталғаны анық. Ресей мен Түркияның арасындағы тығыз қарым-қатынастардың дамуы ғылыми ізденістердің өзекті бағытына айналды.