ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІЛІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТШІЛ ТҰЛҒА ИДЕЯСЫ

Автор(лар)

  • Жазира Ошақбаева 1философия ғылымдарының кандидаты, бас ғылыми қызметкер БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2021.45.3.001

Кілт сөздер:

Мемлекет, мемлекетшіл тұлға, хан, қазақ хандығы, ұлт, қоғам, ру басы, даналық, руханилық

Аннотация

Мақалада қазақ халқының өз мемлекеттілігін құру жолындағы саяси күресі, қазақ хандығының құрылуы, оның ішкі саяси дамуы, саяси-экономикалық, әлеуметтік және рухани байланыстары, иерархиялық қатынастары, өзінің саяси құндылықтар жүйесінің түзілуі, халықтың саяси мінез-құлқының, ұлттық психологиясының қалыптасу ерекшеліктері қарастырылады. Қазақ хандығының алға қойған саяси-әлеуметтiк талабы қазақ деген ұлттық сананы рулық, жүздiк ұғымның шеңберiнен асырып, түбi бiр тұтас мемлекеттiк дәрежеге көтеру болды. Олардың арманы қазақ жұртын қабырғалы мемлекет қатарына қосу еді.

Ұлттық мемлекеттілік, билеп отырған халқының бағын ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген ұлы билер дәстүрлері; ата-бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруы, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесі , батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғауы зерделенеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар