ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2021.45.3.010Кілт сөздер:
жастар саясаты, дуниетаным, тарихи сана, тарихи эрудиция, ұлтжандылық, отансүйгіштік, қазақ тіліАннотация
Мақалада тарихи сана қалыптастырудың маңызы мен мәні, жастарды отансүйгіштіке, ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі тарихи танымның әсері талданған. Қазақстан тарихының тереңдей зерттелуі, жас ұрпақтың санасына жаңаша тарихи сана қалыптастыру қажет, ұрпақтардың мәдени сабақтастығы мен ұлттық азаматтың бірегейлігінің негізі болып табылады. Әлемдік тарих ғылымына батысеуропалық ғалымдар мен теоретиктердің қосқан үлесі өте зор. Олардың теориялары отандық тарихтың дамуына өте керемет әсер берді, отандық тарих пен ұлы тұлғалар туралы біршама кітаптар мен кино туындалары жарық көрді. Қазақ тілді тарихи әдебиеттерді студенттерге қолжетімді әрі түсінікті етіп жазу арқылы тарихтың негізгі түсініктерін өскелең ұрпақ бойына сіңіру мәселелері зерделенген.
Мақалада сонымен қатар еліміздің мектептерінде Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихын оқып-үйренудің мемлекеттік маңызы айтарлықтай көрсетілген, осы пәндер мен факультативтер, клуб жұмысы арқылы Қазақстан Республикасының жас азаматтарына патриоттық тәрбие беру, түсіндіру және «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының саясатын насихаттау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қазақстан тәуелсіздігін алған 30 жыл көлемінде ұлттық жаңғыру жолын басты мұрат ретінде таңдап алғандығы айтылған.