ИЗРАИЛЬДІҢ АРАБ КӨКТЕМІНЕ ҚАТЫСТЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ БІРЕГЕЙЛІК ФАКТОРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2021.46.4.007Кілт сөздер:
Израиль бірегейлігі, араб көктемі, панарабизм, панисламизм, қауіпсіздікАннотация
2010 жылы желтоқсанда Тунисте басталып, бүкіл араб әлеміне тараған «араб көктемі» деп аталатын режимге қарсы көтеріліс аймақтық тәртіпті трансформациялық тұрғыдан өзгертті. Израильде «араб көктемі» көтерілісі мүмкіндік ретінде емес, ұлттық қауіпсіздікке қатер ретінде қабылданады. Көптеген зерттеулер Израильдің «Араб көктемі» көтерілісін өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қатер ретінде қабылдауы күштің аймақтық бөлінуіндегі өзгерістер мен аймақтық ортадағы қауіпсіздіктің күшеюінен туындайтынын алға тартты. Бұл аргументтерге балама ретінде осы зерттеуде Израильдің араб көктемі көтерілісін ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бағалауы Израильдің мемлекеттік бірегейлігіне байланысты екені талқыланатын болады. Бұл зерттеуде Израильдің араб көктеміне реакциясы үш бөлім аясында талқыланады. Бірінші бөлімде араб көктеміне дейінгі кезеңде араб мемлекеттеріне қатысты Израиль бірегейлігінің қалыптасуы қарастырылады. Келесі бөлімде араб көктеміне дейін және кезінде Израиль-араб қарым-қатынастарына әсер ететін негізгі саяси оқиғаларға назар аударылады. Қорытындыға дейінгі соңғы бөлім араб көктемі кезіндегі саяси оқиғалардың Израильдің қауіпсіздік мәселелерін қаншалықты алаңдатқанын көрсетеді.