«БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» ЖОБА ШЕҢГЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛОГИСТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ

Автор(лар)

  • А Ермекбаев *1Ph.D., Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті
  • Мэн Ни 2Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2022.47.1.005

Кілт сөздер:

Бір белдеу-бір жол, экономика, Қытай, логистиканы дамыту, Орталық Азия, JEL Classification Codes: F12, Қазақстан

Аннотация

«Бір белдеу, бір жол» даму стратегиясының ұсынысы Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық қатынастарының дамуына септігін тигізді. «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын ілгерілетумен Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық одан әрі тереңдей береді. Бұл тұрғыда жаңа бастама Қазақстанның логистикалық саласы дамуы үшін жақсы мүмкіндіктер ашады. Мақалада Қазақстанның логистикалық және көлік саласының даму жағдайы баяндалады және Қазақстанның логистикалық саласының дамуына үш жақтан: негізгі логистикалық объектілердің құрылысына жәрдемдесу, халықаралық логистикалық таланттарды даярлауды күшейту және Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдету ұсынылады.

        Сондай-ақ мақалада Қытайдың соңғы жылдардағы реформалардағы экономикалық және халықаралық мәртебесі, сондай-ақ Қытайдың «одақтасы» ретінде Қытай мен Қазақстанның ынтымақтастығы талданады. Қазақстан мен Қытай халықаралық қарым-қатынастары жақсы дамып келе жатқан елдер болғандықтан, болашақта бұл тақырыпты «белдеу мен жолды» дамыту аясында тереңірек зерттеп, Қытайдың даму жолынан көбірек сабақ алу керек. Алдағы уақытта Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында отандық логистика саласын қарқынды дамытып, экономикалық дамуға жәрдемдесу үшін ынтымақтастық мүмкіндігін пайдалануы керек

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-29

Жоба

Раздел

Мақалалар