ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ЖҰМСАҚ КҮШІ ГЕОПОЛИТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2022.48.2.001Кілт сөздер:
жұмсақ күш, Ұлыбритания, геосаясатАннотация
Дамыған елдердің көпшілігінің сыртқы саясаты әлемдік аренадағы ықпалын арттыру. Сондықтан олар әскери қүшін дамытуға тырысып жатыр. Алайда, тек жұмсақ күшті қолданатын елдер туралы да айту керек. Осындай елдердің бірі – Ұлыбритания. Ұлыбританияның дүние жүзінде кең таралған ағылшын тілі, BBC бұқаралық ақпарат құрал қызметі, Британдық Кеңес, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен Ұлттар Достастығы сияқты көптеген жұмсақ қуат активтері бар.
Жалпы, қазіргі Ұлыбританияның қатты және жұмсақ күші жағынан жаһандық гегемонияға ие болған бұрынғы Ұлыбританиямен салыстыруға келмейтіні анық. Өйткені, қазіргі Ұлыбританияда тек жұмсақ күш қалды, сонда да бұны әлі де британдық сыртқы саясаттың үлкен жетістігі деп санауға болады, өйткені оны Ұлыбритания үшін пайдалы нақты әрекеттерге айналдыруға болады. Сондықтан АҚШ пен Ресей арасындағы қырғи-қабақ соғыстың жаңа кезеңіне байланысты Ұлыбритания халықаралық қатынастардағы бұрынғы берік ұстанымын қалпына келтіруі керек