ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА БАҚ-ТЫҢ ӘСЕР ЕТУІНІҢ КЕЙБІР АСТАРЛАРЫ

Автор(лар)

  • Б.З. Бюжеева *¹т.ғ.к., доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
  • А.Р. Әліпбаев 2т.ғ.к., доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
  • Ж.С. Әбдінағи 3 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2 курс магистранты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2022.50.4.006

Кілт сөздер:

этносаралық қатынастар, БАҚ, медиа кеңістік, этносаясат, этносаралық қақтығыс, толеранттылық, этникалық топ, ақпарат

Аннотация

Мақала бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы этносаралық қатынастарға әсер ету мәселелерін қарастыруға арналған. Ақпараттық кеңістіктің кеңеюі және ақпараттық қоғамды қалыптастыру шеңберінде цифрлық және спутниктік байланыстардың дамуы, интернет пен компьютерлік технологиялардың енгізілуі, БАҚ қызметінің трансшекаралық сипатқа ие болуына әсер етті. БАҚ әлемдік саяси өзара әрекеттесудің ерекше бір бөлігі болып табылады. Соған байланысты ол халықаралық және ұлттық деңгейлерде халықтар мен елдердің дамуына айтарлықтай әсер ететін этносаяси үрдістің жүру бағытына ықпал ете алады.

Бүгінгі таңда БАҚ этносаяси өзара әрекеттесудің ықтимал нәтижелерін айқындайтын саяси құралға айналуда. Айқындалатын нәтижелер ұлтаралық тепе-теңдікті қамтамасыз етуден, шағын этникалық қауымдастықтардың құқықтарын қолдаудан, ұлттық және жалпымемлекеттік мүдделерді үйлестіруден бастап, шовинизмді, экстремизмді, жергілікті ұлтшылдықты және этносаяси қақтығыстарды қоздыруға дейін өзгере алады.

БАҚ-тың этномәдени өзара іс-қимылдың маңызды мәселелерін жариялау кезінде әлеуметтік жауапкершілігінің болмауы қақтығыс әлеуетінің артуына және тіпті қақтығыстардың одан әрі өршуіне әкеледі. Соған байланысты қазір БАҚ әсіресе этникалық мәселелерде жоғары қақтығыстық әлеуетімен сипатталатын ерекше әлеуметтік сала ретінде танылып отыр. 

Бұқаралық ақпарат құралдары этникалық топтарды қате сипаттауы арқылы, теріс  «этникалық бейнелерді» құру арқылы этносаралық қарама-қайшылықты тереңдете алады. Ұлтшылдық, ксенофобия, кемсітушілік, этникалық көші-қон, этносаралық қайшылықтар, этносаралық қақтығыстар, сондай-ақ лаңкестік, діни экстремизм сияқты этносаяси қатынастардың өткір мәселелеріне БАҚ-тың реакциясы ерекше маңызға ие.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-01-04

Жоба

Раздел

Мақалалар