ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.51.1.002Кілт сөздер:
Экономикалық дипломатия, Орталық Азия, аймақ, елдің мүдделері, Концепция, сыртқы, экономикалық, саясатАннотация
Қазіргі кезеңде халықаралық қатынастарда өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық үрдісі байқалады. Осыған ұқсас құбылыстарды сауда байланыстарын нығайтуға және өз тауарлары мен қызметтерін өткізу нарығын кеңейтуге мүдделі Орталық Азия өңірінде де байқауға болады. Қазіргі үрдістер аймақтық қатынастардағы экономикалық аспектілерінің маңыздылығын көрсетеді. Шетелдермен қарым-қатынастардағы экономикалық мүдделердің басымдығы елдердің сыртқы экономикалық саясатының міндеттерін шешуге арналған экономикалық дипломатияның рөлін өзектендіріп отыр. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық дипломатиясының мақсаттары мен міндеттері осы елдердің сыртқы саясатының концепцияларында айқындалған.
Бұл мақалада салыстырмалы түрде Орталық Азия елдерінің экономикалық дипломатиясының концептуалдық негіздерін талдауға талпыныс жасалды