«БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» ЖОБАСЫНЫҢ МӘДЕНИ-ГУМАНИТАРЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.51.1.003Кілт сөздер:
Жібек жолы, мәдениет, «Бір белдеу және бір жол», гуманитарлық сала, руханият, ғылым, Шанхай, ҚытайАннотация
«Бір белдеу, бір жол» жобасы «Ұлы жібек жолы» маршруты бойынша жүзеге асатынын білеміз. Ұлы Жібек жолы халықаралық қатынастардың даму тарихында ерекше орын алады. Бұл әлемдік сауда артериясы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі елдер арасындағы мәдениаралық коммуникативті диалогты қамтамасыз ететін дипломатиялық қатынастардың этикасы (арнасы) болды. Ұлы Жібек жолы әртүрлі халықтардың мәдени интеграциясы мен моральдық дамуы үшін рухани-этникалық және эстетикалық көпір деп аталды. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің тауарларына, біліміне және мәдениеттеріне үлкен қызығушылық туындады. Сондықтан Ұлы Жібек жолын дамыту адамзат тарихындағы ірі мәдени оқиға болып табылады. Жібек жолы ол өткен елдердің саяси, экономикалық және мәдени құрылымының қалыптасуына үлкен әсер етті. Жібек жолының басты артықшылықтарының бірі – бұл керуен жолдарының бойында орналасқан барлық елдер ұзақ тарихи кезең ішінде олардың арасында экономикалық, мәдени қатынастар дамыды. Ғылыми мақалада «Бір белдеу, бір жол» жобасының мәдени және ғылым-білім, гуманитарлық байланыстар орнатудағы рөлі мен маңызы талданған. «Бір белдеу, бір жол» жобасының аясындағы мемлекеттердің мәдени байланыстары мен туризм саласындағы өзара дамыту ынтымақтастығы, ғылым және білім беру саласы мен адам әлеуетін дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асырудағы маңызды қадамдар зерделенді. Жоба аясындағы өндірістен бастап қаржыға дейін және инфрақұрылымдық жобалардан бастап қоршаған ортаны қорғауға дейінгі гуманитарлық салалардағы ілгерілеу әсері сарапталды. Сонымен қатар, Қытай мемлкетенің жоба аясында ұйымдастырып отырған мәдени байқаулары мен ғылым және білім саласына бөліп отырған гранттарының игерілуі мен маңызы зерттелді.