ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚЫТАЙ-АМЕРИКА ҚАТЫНАСТАРЫ

Автор(лар)

  • Тұртығулова Д.М. PhD, кандидаты, мемлекеттік басқару магистрі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ли Синьвэй доцент, тарих ғылымдарының докторы, Шэньси педагогикалық университеті, Сиань, Қытай

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.51.1.005

Кілт сөздер:

геосаясат, Орталық Азия, АҚШ, Қытай, АҚШ-Қытай сауда текетіресі, Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық, аймақтық және жаһандық ойыншылар, Ресей

Аннотация

Мақалада Орталық Азия аймағындағы геосаяси жағдай қарастырылған. Аймақтың АҚШ-Қытай сауда текетіресі, пандемия, Украинадағы әскери қақтығыс және Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі сияқты факторлардың әсерінен елеулі эволюциядан өткені атап өтілген. АҚШ, Ресей және Қытай секілді сыртқы ірі ойыншылардың мүдделерінің тоғысуы мен аймақтың ірі елдері – Қазақстан мен Өзбекстанда болып жатқан ішкі саяси өзгерістерге ерекше назар аударылады.

Мақалада өздерін идеологиялық жағынан біртекті деп жариялайтын Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарама-қайшылықтардың бар екендігі атап өтілген. Өңір мемлекеттерінің экономикалық дамудың және мемлекеттік құрылыстың әртүрлі деңгейлері тұрақтылық рухына және өзара ынтымақтастыққа қосар үлесі аз. Өңір сяси көшбасшыларының өзара біріге алмайтындығы аймақтағы үшінші елдердің мүдделерінің үстемдігіне әкеп соғу мүмкіндігі аталған.

АҚШ-Орталық Азия және Қытай-Орталық Азия қарым-қатынастары туралы бар жарияланған басылымдар әдетте энергетика және қауіпсіздік мәселелерін талқылаумен шектеледі және негізінен АҚШ, Ресей және Қытай авторларының көзқарастарын білдіреді. Олар аймақ үшін ықтимал тәуекелдерді қарастырмай, державалар өкілеттіктердің мүдделеріне көбірек алаңдайды. Мақаланың мақсаты – аймақтағы әлемдік ойыншылардың геосаяси мүдделері мен аймақтағы тәуекелдер тақырыбына арналған басылымдар қатарын қазақстандық зерттеушілердің көзқарасымен толықтыру. Мақалада мемлекеттердің сыртқы саяси және экономикалық қатынастарын зерттеуде әртүрлі деректерді сұрыптау әдісі қолданылды. Жұмыс жүйелік көзқарас пен объективтілік принципін қолдану арқылы деректерді талдаудың сапалы әдісіне негізделген.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-27

Жоба

Раздел

Статьи