АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.51.1.004Кілт сөздер:
азаматтық қоғам, саяси қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, демократия, көппартиялық жүйе, заң үстемдігі, плюрализм, зайырлылық, ашықтықАннотация
Қазіргі әлемде дамыған елдердің таңдаған режимі – демократия. Демократиялық жүйенің негізгі принциптері: теңдік, еркін сайлау, көппартиялық жүйе, заң үстемдігі, плюрализм, зайырлылық, ашықтық, конституциялық кепілдік, биліктің бөлінуі және азаматтық қоғам. Үкіметтік емес ұйымдардың мақсаты мүдделері бірдей әлеуметтік топтарды ерікті түрде біріктіру және олардың проблемаларын қайта құру болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдар қоғамда саяси, мәдени, экономикалық, әлеуметтік қызметтерді атқарады. Қорлар, кәсіподақтар, бірлестіктер және қауымдастық ретінде әртүрлі атаулармен пайда болған үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастырушылық нысаны мен атқаратын қызметі әртүрлі болғанымен барлығына тән ортақ белгілері бар. Үкіметтік емес ұйымдардың ортақ белгілері: мемлекеттен тәуелсіз болу, еріктілік, пайда табуды көздемеу және ұжымдық мүдде үшін жұмыс істеу. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – тарихи үдерістегі азаматтық қоғам тұжырымдамасының дамуы туралы ойларды ашу.