ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ АЛУ КӨШІ-ҚОНЫНЫҢ ТЕТІКТЕРІ МЕН АРНАЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.53.3.002Кілт сөздер:
Халықаралық студенттік көші-қон, Қазақстаннан эмиграциялану, білім алу көші-қоны, эмиграция арналары, халықаралық шәкіртақы, Шетелдегі жоғары білім, «Болашақ» бағдарламасы, қазақстандық жастарАннотация
Халықаралық студенттік көші-қон қазіргі заманғы көші-қон процестерінің өзекті үрдісі болып табылады. Қазақстандық жастардың білім алу үшін көші-қоны елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында анағұрлым әсері бар құбылыс, сонымен қатар ол сыртқы көші-қон векторларының бірі болып табылады. Бұл зерттеу қазақстандық жастардың халықаралық білім көші-қонының негізгі арналары мен кейбір механизмдерін зерделеуге арналған. Мақалада Қазақстан жастарының шетелде оқуға түсу үшін неғұрлым пайдаланалатын тәсілдеріне шолу жасалады. Жүргізілген зерттеулер негізінде білім көші-қоны үшін Қазақстаннан эмиграцияланудың негізгі арналары мен түрлері, оның ішінде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде, екіжақты және халықаралық келісімдер шеңберінде және ақылы да, тегін де оқуға өз бетінше түсу жолдары қарастырылды. Соңғы екі онжылдықтағы білім беру көші-қонының межанизмдері тұрақты сипатқа ие, бірақ әлі де жетілдіруді қажет етеді.
Қазақстаннан білім көші-қоны аясында эмиграциялану жастардың көші-қон көңіл-күйін көрсету тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және индустрияның түрлі салаларында кәсіпқойлар қауымдастығын қалыптастыру үшін де өзекті тренд болып табылады. Қазақстандық контекстегі білім алу эмиграциясының негізгі арналары мен механизмдерін зерттеу осы құбылыстың ұзақ мерзімді әсеріне, оның ішінде ұлттық еңбек нарығына қайта оралуына, реинтеграциясына және тартылуына, сондай-ақ еңбек нарығының тұрақты дамуына әсер етеді.