ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИПЛОМАТИЯ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ

Автор(лар)

  • Л.Н. Нұрсұлтанова тарих ғылымдарының докторы «Астана халықаралық университетінің» қауымдастырылған профессоры,
  • К.Ш. Байсултанова саяси ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің профессоры

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.53.3.016

Кілт сөздер:

экономикалық дипломатия, даму тарихы, мемлекет, сауда қатынастары, қазіргі уақыт, Ганзалық одақ, Жібек жолы, капитализм

Аннотация

Қазіргі жағдайда халықаралық қатынастарда өзара тиімді экономикалық байланыстар «жұмсақ күш» ретінде танылып, олардың маңыздылығы «қатты» күштерден де артып келеді. Халықаралық экономикалық қатынастардың күрделенуі экономикалық дипломатиялық байланыстардың жаңа түрде дамуына әкелді. Елдің ішкі талап-сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында мемлекетаралық қарым-қатынастарда экономикалық дипломатияның алатын орны ерекше екендігі байқалады. Қазіргі таңда халықаралық деңгейде мемлекеттің сыртқы саясатының мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайту мен оны әлемге танытуда экономикалық дипломатия үлкен рөл атқарып отыр. Бүгінгі саяси және экономикалық  жағдайлар мемлекет алдына ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігін нақтылап отыр. Осы мақсатты жүзеге асыруда экономикалық дипломатияның әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді нәтиже беретіндігі дипломатия тәжірибесінен байқалады. Оның халықаралық деңгейде отандық бизнесті сыртқы нарыққа шығаруға, оларға қолдау көрсету мен оның өнімдерін шетел нарығында сатуға қолайлы жағдай туғыза алатын  мүмкіндіктері мол.

       Бұл мақала ойшылдар мен ғалымдардың түйген экономикалық дипломатияның теориялық тұжырымдарына сүйене отырып, оның дамуы тарихы мен қазіргі тенденцияларын саралауға арналады. Жалпы, экономикалық дипломатияның тарихы ертеректегі сауда дипломатиясынан бастау алады, ол өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтті. Авторлардың пайымдауынша, экономикалық дипломатияны жан-жақты зерттеу, әсіресе, тарихи даму кезеңдеріндегі қолданылған құралдары мен әдістерін саралау ғылыми және практика тұрғыдан да өзекті болып отыр.  Мақалада көтерілген мәселені зерттеудің методологиялық базасы ретінде тарихи салыстырмалы әдіс қолданылуы экономикалық дипломатия тарихы жайында бірқатар қорытындылар жасауға негіз болды.

      Экономикалық дипломатияның дамуы әлемдік тарихтың әртүрлі кезеңдерімен және геосаяси жағдайлардың өзгеруімен байланысты болғандығы анықталды. Мемлекетаралық қатынастардың күрделенуі, ондағы экономикалық факторлардың басымдылығының өсуі әр замандағы елдің ішкі  саясатымен тығыз байланысты болғандығына және сауда дипломатиясынан басталғандығына көз жеткіздік.

      Экономикалық дипломатия тарихын зерттеуде алынған нәтижелер мен қорытындылар болашақ мамандарды даярлауда оқу бағдарламаларында пайдалануға болады. Әлемдік экономикалық кеңістікте экономикалық байланыстардың дамуы, әр тарихи кезеңде дипломатиялық әдіс-тәсілдер мен құралдардың пайда болуын зерттеу қазіргі заманғы халықаралық экономикалық қатынастардағы экономикалық дипломатияның даму деңгейін, оның мемлекеттің стратегиялық мақсаттарға жетудегі рөлін анықтауға мүмкіндік береді

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Мақалалар