ШЫҢЖАҢ ӨНДІРІСТІК-ҚҰРЫЛЫС КОРПУСЫ – ҚХР-ДЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН ШЕКАРА АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Автор(лар)

  • Д.А. Мадиев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.53.3.015

Кілт сөздер:

Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы, солтүстік-батыс шекара аймағы, шекара қауіпсіздігі, сепаратизм, дивизия, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, еңбек лагерьлері

Аннотация

 Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы (ары қарай Корпус) Қытайдың солтүстік-батыс өңірінде орналасқан көпұлтты Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданын басқарудың маңызды құралы болып табылады. 1954 жылы құрылған уақыттан бері Қытай билігі Корпусқа қарасты әскери бөлімшелерді шекара өңіріне орналастыра отырып екі түрлі мақсатты алдына қойды: біріншіден, шекара беріктігін сақтау, шекара өңіріндегі қауіпсіздікті ұстап тұру болса, екіншіден, шекара аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.

Берілген мақалада Пекиннің Шыңжаңда жүргізіп отырған саясатының негізгі тірегіне айналған Корпустың әскери және экономикалық саладағы қызметінің ерекшеліктеріне кең талдау жасалып, жан-жақты зерттеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда, ҚХР солтүстік-батыс шекара өңірін дамыту саясатын жүзеге асыруда. Осы тұрғыдан алғанда, аталған аймақтың стратегиялық маңыздылығын айқындау, Қазақстанмен шекаралас өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымының жақсаруына, аталған аймақта халықаралық сауда-экономикалық байланыстарын ұлғайту саясатына үлес қосып отырған Корпустың қызметін анықтау зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Дегенмен, Корпустың нарықтық экономикаға бейімделу процесі өте баяу жүзеге асуда. Сонымен қатар, халық шаруашылығының жекелеген салаларындағы қол жеткізген үлкен жетістіктеріне қарамастан, аталған ұйым әлі де Орталықтың қаржылай және саяси қолдауына тәуелділіктен арыла алмай отыр. Корпустың тәуелсіз мекеме ретінде өз қызметін жалғастыруына кедергі келтіріп отырған факторлар бар. Шыңжаң үкіметі мен жергілікті халықтың Корпуспен арадағы қалыптасқан шиеленіскен қарым-қатынасы Корпус қызметінің нәтижесіне тікелей әсер етуде. Осы тұрғыда, мақалада Корпус пен жергілікті халық арасындағы байланыстардың шиеленісу себептері мен болашақта кері факторлардың алдын алу жолдарына сараптама жасалады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Мақалалар