ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖІБЕК ЖОЛЫ: ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ МҰНАЙ-ГАЗ ЫНТЫМАҚТАС-ТЫҒЫН ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.52.2.010Кілт сөздер:
Қазақстан, Қытай, Энергетикалық Жібек жолы, «Белдеу және жол» бастамасы, мұнай-газ кооперациясы, мұнай құбыры, инфрақұрылым, инвестицияларАннотация
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мен Қытай мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бұл зерттеу «Белдеу және жол» бастамасының энергетикалық құрамдас бөлігін және екі ел арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талдайды, сондай-ақ оның конфигурациясы мен динамикасын бастама жарияланғаннан кейін қадағалайды. Қытайдың Қазақстанға инвестиция құю мотивтерін, сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективаларын зерттеу. Бұл мақаланың мақсаты – Энергетикалық Жібек жолы аясындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай-газ ынтымақтастығының даму динамикасын талдау. «Белдеу және жол» бастамасының жариялануы екі елдің энергетика саласындағы қарым-қатынастарына қаншалықты әсер еткенін анықтау үшін екі кезеңнің салыстырмалы талдауы арқылы зерттелді: 1991-2013, 2013 – қазіргі. Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы Қытай мен Қазақстан арасындағы мұнай-газ ынтымақтастығы динамикасындағы Энергетикалық Жібек жолының маңыздылығын талдау әрекетімен анықталады.
Бұл зерттеу синология, халықаралық экономикалық байланыстар, мұнай-газ секторындағы инвестиция саласындағы ғылыми-аналитикалық әдебиеттерге қосылған үлес болып табылады. Мақала жас ғалымдарға: шығыстанушыларға, халықаралық зерттеушілерге, сондай-ақ экономистерге, дипломатия саласындағы мемлекеттік қызметкерлерге, Қытай мен Қазақстан арасындағы мұнай-газ ынтымақтастығы саласындағы қызметкерлерге тәжірибелік маңызы зор.