ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ӨҢІРЛІК ИНТЕГРАЦИЯҒА АПАРАР ЖОЛ МА?

Автор(лар)

  • А. А Малтабаров 2 курс докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • М.С. Сарыбаев PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Сәтбаев ат. ҚазҰТУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.52.2.009

Кілт сөздер:

өңірлік қатынастар, ОАА елдері, цифрлық трансформация, цифрлық платформа, цифрлық дипломатия, цифрлық демократия, халықаралық қатынастар, цифрлық технологиялар

Аннотация

 Цифрлық технологиялар мен платформалық шешімдерді кешенді қолдану тәжірибесі елдегі экономикалық және саяси салалардың цифрлық трансформациясында айқын көрінеді. ОАА елдеріндегі цифрлық трансформация мәселесін зерттеу өзгерістердің әсерін және одан әрі қайта құрудың перспективаларын бағалауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мақала аясында халықаралық қатынастардағы цифрлық трансформация сияқты құбылыстың дамуын бағалау мақсаты қойылды. Бұл мақаланың ғылыми маңыздылығы цифрлық технологиялардың аймақтағы әртүрлі халықаралық саяси және экономикалық процестерге әсерін анықтау болып табылады. Соңында, мақалада цифрландырудың әсерінен ОАА елдерінің интеграциялық идеясын трансформациялау процесі талданады. Бұл зерттеу электронды-желілік құралдарды қолданудың алғышарттарын ретроспективті түрде бағалауға тырысады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы ОАА елдерінде цифрлық трансформацияның ену дәрежесіне талдау жүргізу болып табылады. Цифрлық технологиялардың саяси өлшемін реттеу мен пайдаланудың шетелдік тәжірибесіне ерекше назар аударылады. Қазіргі авторлар цифрлық технологияларды, әсіресе ОАА елдерінің саяси дискурсында қолдану практикасы мәселесін аз зерттегендіктен бұл мақала авторлары зерттеу салыстырмалы регионализм бойынша әдебиетке үлес қосуға тырысты. Ғылыми әдебиеттерді теориялық және әдіснамалық талдау цифрлық трансформацияны ғылыми тұрғыдан түсінуге мүмкіндік берді. Зерттеудің әдіснамалық негізі цифрлық ортаның ерекшеліктерін анықтауға және оның негізгі перспективаларын тұжырымдауға мүмкіндік берді. Посткеңестік кеңістіктің әртүрлі бөліктеріндегі тұрақсыздықтың, шиеленістің кезекті ошақтарының пайда болуы дағдарыстарды шешу тақырыптарына қызығушылықты арттырады. Зерттеу аясында қойылған сұрақтарға жауап іздеу аймақтың цифрлық трансформациясы тақырыбының өзектілігін арттыруға әкеледі деп санаймыз.

 

Автор биографиясы

М.С. Сарыбаев, PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Сәтбаев ат. ҚазҰТУ

Докторант кафедры международных отношений и мировой экономики

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-24

Жоба

Раздел

Мақалалар