ҰЛЫ СОҒЫСТАР ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АКСИОЛОГИЯДА АДАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА БЕТБҰРЫС
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2020.41.3.002Кілт сөздер:
Ұлы соғыстар, Екінші дүниежүзілік соғыс, құндылықтар, классикалық емес философия, экзистенциализм, иррационализм, аксиологиядағы бетбұрыс, адам өмірі, адам болмысы, адамның ішкі субъективті әлемі, эмоциялар, шекаралық жағдайларАннотация
Мақалада ХХ ғасырдың философиялық аксиологиясында жаңа құндылық бағдарларының қалыптасуына түрткі болған екі ұлы әлемдік соғыстың салдары қарастырылып, талданады. Адам мәселесі, оның мақсаты, мәні, болмыстың құндылығы философияда әрқашан маңызды болып келген. Әсіресе, бұл тарихтың маңызды кезеңдерінде ерекше өзектілікке ие болады. Мақалада Екінші дүниежүзілік соғыстан (ТМД үшін-Ұлы Отан соғысы) кейін өмірді, тіршілік етуді және адам өмірінің мәнін түсінуде бетбұрыс болғанына назар аударылады. ХХ ғасырдың екінші жартысында адамды ең жоғары және маңызды құндылық ретінде бағалаған иррационалды философиялық тенденциялар өзекті болды. Осылайша, мақала экзистенциалистердің терең индивидуализм мен субъективтілікке