ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ КӨППОЛЯРЛЫ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КОНТЕКСТІНДЕГІ ӘЛЕМДІК ҚАУІПСІЗДІК
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.52.2.013Кілт сөздер:
көпполярлы жүйе, халықаралық қатынастар, әлемдік қауіпсіздік, әлемдік державалар, жаңа әлемдік тәртіп, саяси шындық, тенденсия, институттарАннотация
Бұл мақалада қазіргі таңдағы әлемдегі геосаяси жағдайларының өзгеруі негізінде болып жатқан халықаралық қатынастардың көпполярлы жүйесін қалыптастыру контекстіндегі әлемдік қауіпсіздік мәселелері талдауға алынған. Covid -19 пандемиясы біршама әлемдік өзгерістерге әкелді. Оның бірі халықаралық қатынастардағы көпполярлы жүйенің тенденциясы деп атап өтсек болады. Болып жатқан өзгерістерге сәйкес саяси шындық басқа кейіпке енуде, жаңа қауіп- қатерлерге бетпе бет келіп, жүйелік тұрақсыздыққа әкеледі. Оның бірі халықаралық қауіпсіздік мәселесі. Көпполярлы жүйдегі аса маңыздың бірі, оның әртүрлі алдын ала болжамсыз болуы, осыған орай тек әлемдік қана емес аймақтық бәсекелестіктіңде орын алуы шартты. Осы мақалада көпполяры жүйенің орын алуы мен бағыты, оның халықаралық қақтығыстардағы қауіпсіздік мәселесімен тығыс байланысын анықтауға негізделген.