ЖАПОНИЯДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ БАСТАМАЛАРЫНА ШОЛУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.53.3.008Кілт сөздер:
тұрақтылық, даму, тұрақты даму мақсатты, Жапония, қоршаған орта, саясат, декларация, заңнамаАннотация
Тұрақты даму қоршаған ортаның нашарлауы, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік теңсіздік проблемаларын кешенді шешуге бағытталған. Тұрақты даму – экономикалық өсуді, әлеуметтік дамуды және қоршаған ортаны сақтау сияқты маңызды үш элементті теңестіру арқылы қазіргі және келешек ұрпақ үшін неғұрлым тұрақты болашақ құру жоспары болып табылады. Тұрақты тәжірибелер ресурстарды шамадан тыс қолданудан шектеу үшін өте маңызды. Әлем жаһандық сын-қатерлерге тап болған жағдайда неғұрлым мықты инфрақұрылымды құрудың және мәселені шешуде қоғамның қатысуын ынталандырудың маңыздылығы тұрақты даму мақсаттарында айқын көрініс табады. Жапония 20 ғасырдың басындағы елдің қарқынды индустриялануы мен урбанизациялануынан кейін экологиялық мәселелердің маңыздылығын түсінді. Жапон үкіметі экологиялық мәселелерді шешу және тұрақты дамуға жәрдемдесу үшін заң жобалары мен бастамаларды әзірледі. Бұл бастамалар қоршаған ортаны қорғау, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, климаттың өзгеруінің салдарымен күресу үшін зерттеулер мен әзірлемелер сияқты мәселелерді қамтиды. Жапонияның саясатын, бастамаларын және тәжірибесін зерттей отырып, авторлар елдің тұрақтылыққа ұмтылуындағы жетістіктерін, қиындықтарын және ықтимал шешімдерін зерттеуді мақсат етеді. Алынған нәтижелер Жапония тәжірибесін түсінуге ықпал етеді. Сонымен қатар тиімді және тұрақты тәжірибелерді енгізуге ұмтылатын басқа елдерге құнды нұсқаулар береді