ТАЯУ ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ-САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМДІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ӘСЕРІ

Автор(лар)

  • А.М. Қожабек магистрант, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Ж.Е Турекулова доцент, PhD, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Н.А. Муминов PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.53.3.005

Кілт сөздер:

геосаясат, "Араб көктемі", Таяу Шығыс, аймақтық қауіпсіздік, Қазақстан Республикасы, сыртқы саясат, көлік коммуникациялары, Азия

Аннотация

ХХ ғасырдың соңы - ХХІ ғасырдың басы Таяу Шығыс мемлекеттерінде күрделі де қайшылықтарға толы геосаяси өзгерістерді тудырған кезең. Ішкі және сыртқы факторлардың ықпалынан қалыптасып отырған Таяу Шығыс аймағындағы әскери-саяси жағдай, әлемдік саясатқа ықпал ететін және болашақтағы әлемдік саяси үрдістердің бағыттарын айқындайтын іргелі мәселелердің қатарына кіреді. Ірі халықаралық акторлардың геосаяси мүдделері мен өзара бәсекелестігі, Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз, Парсы Шығанағы бойындағы жаһандық жол тораптарын бақылауға алуға деген ұмтылысы – аймақтың әскери-саяси жағдайын айқындаушы факторға айналып келеді. ХІХ ғасырда аймақтағы еуропалық елдердің геосаяси мүдделері, араб елдерінің отарлау саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалысының идеологиясына айналған «ан-нахда ал-арабийя» - араб ұлттық қозғалысын жандандырған болса, ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында, аймақтағы сыртқы және ішкі факторлар ислам дінінің радикалдануына әкеліп, халықаралық терроризм және экстремизм мәселелерін күн тәртібіне шығарды. Таяу Шығыс елдері және Орталық Азияның географиялық жақындығы, аймақтардың өзара байланысының артуы Таяу Шығыс аймағындағы әскери-саяси және әлеуметтік-экономикалық, діни-конфессиялық жағдайға талдау жасаудың өзектілігін арттырады. Орталық Азия-Таяу Шығыс көлік дәліздеріне интеграциялануды көздеп отырған Қазақстан Республикасының негізгі мүдделерінің бірі – Таяу Шығыс аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі. Осы орайда, бұл мақаланың мақсаты – Таяу Шығыстағы саяси өзгерістер мен қауіптердің ерекшеліктерін, радикалды идеялардың мәні мен бағыттарын және олардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсерін түсіну мақсатында ғылыми-сараптамалық шолу жасау. Мақаланың халықаралық қатынастар және шығыстану салаларын зерттеуші жас ғалымдар үшін тәжірибелік маңызы зор.

Тірек сөздер: геосаясат, Араб көктемі, Таяу Шығыс, аймақтық қауіпсіздік, Қазақстан Республикасы, сыртқы саясат, көлік коммуникациялары

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Қалыптасу сипаттамасы

Қожабек, А., Турекулова, Ж., & Муминов, Н. (2023). ТАЯУ ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ-САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМДІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ӘСЕРІ. Хабаршы. Халықаралық қатынастар және аймақтану сериясы, 53(3). https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.53.3.005

Жоба

Раздел

Мақалалар