ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫНЫҢ ДЕЛИМИТАЦИЯЛАНУЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Автор(лар)

  • Шұқыжанова А. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • Мұқашева А «Астана» халықаралық ғылыми кешені
  • Абдрахманов Қ. «Астана» халықаралық ғылыми кешені

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.54.4.001

Кілт сөздер:

шекара, делимитация, демаркация, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, делимитация бойынша келіссөздер, үкіметтік делегация, даулы жер телімдері, ҚазақКСР-і, РКФСР

Аннотация

Аңдатпа. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекара шамамен 7400 шақырымды құрайтын дүниежүзіндегі ең ұзын құрлықтық шекара болып табылады. Қазақстан мен Ресей дипломатиялық қатынастарын орнатқан кезде КСРО-дан мұраға қалған шекараларын өзгеріссіз қалдырып, бір-біріне территориялық дауларының жоқтығын, территориялық тұтастықтарына қол сұқпайтындықтарын, егемендіктерін мойындайтындықтарын мәлімдеген.

Шекараны делимитациялауға байланысты келіссөздер 1999 жылдың аяғында басталып, бес жарым жылға созылды. Шекара бойындағы территорияларда табиғи ресурстардың болуы, КСРО кезінде темір және автомобиль жолдары, елдімекендер мен өндіріс орындарының әкімшілік шекараны ескерілмей салынуы, ҚазақКСР мен РКФСР арасындағы шекараның КСРО-ның жоғарғы билік органдарымен бекітілмей тек іргелес облыстардың кезекші карталарында ғана көрсетілуі делимитациялау үрдістерін қиындатып, қажырлы еңбекті талап етті. Мемлекеттің территориялық тұтастығына нұқсан келтірмейтіндей осындай күрделі мәселелерді шешу үшін тараптардың үкіметтік делегациясы мен жұмыс тобы 50 келіссөздер жүргізіп, 2005 жылы қаңтарда Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы туралы келісімшартқа қол жеткізді.

Мақалада қазақ-орыс мемлекеттік шекарасының халықаралық-құқықтық рәсімделуі қарастырылады. Делимитация барысында туындаған мәселелер мен олардың шешілу жолдары, сол кездегі геосаяси жағдайдың шекараны шегендеуге тигізген әсері, мемлекеттердің территориялық тұтастық саясаты кеңінен талданған.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-27

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Статьи