ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Автор(лар)

  • Л. Айкумбаева 1Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • З. Какенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.54.4.010

Кілт сөздер:

Еуропалық Одақ, Орталық Азия, сыртқы экономикалық саясат, серіктестік стратегиясы, экономикалық ынтымақтастық, сауда қатынастары, сауда преференциялары, экспорт пен импорт

Аннотация

Еуропалық Одақ (ЕО) Орталық Азия елдерінің (ОА) негізгі экономикалық және саяси серіктестерінің бірі болып табылады. Әлемдегі өзгерген геосаяси жағдайға байланысты аймақтар арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге өтуде. Орталық Азияның жалпы сыртқы саудасының үштен бірінен астамы ЕО үлесіне тиесілі. Бірақ Қазақстаннан басқа Орталық Азия елдерінде Еуроодақпен сауда тапшылығы байқалады, ал бұл аймақ үшін экономикалық және саяси тәуекелдерді арттырады. Осыған орай ЕО-ның Орталық Азиядағы экономикалық саясатын зерттеу, ең алдымен, ЕО-ның осы бағыттағы стратегиялық бағытын айқындайтын құжаттарын талдаумен байланысты өзекті міндетке айналады. Бұл мақалада ЕО-ның 2007 және 2019 жылдарға Орталық Азияға арналған стратегиялары аясында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты экономикалық саясатының салыстырмалы талдауы, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің Еуроодақпен 2002-2022 жж. аралығындағы сауда көрсеткіштеріне статистикалық шолу жасалған. Бұл зерттеуден алынған негізгі қорытындылар ЕО-ның Орталық Азияға қатысты экономикалық саясатының қағидаттары өзгеріссіз қалғанын, бірақ Еуропалық Одақ аймақтағы мәселелерді шешуге тереңірек көшкенін көрсетеді. ЕО Орталық Азия елдеріне Дүниежүзілік сауда ұйымының реттеуші келісімдеріне сәйкес заңнамалық нормаларды бірегейлендіруге көмектеседі, сол арқылы елдердің халықаралық нарықтарға шығуын жеңілдетеді. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамытуға, Орталық Азияның оң имиджін қалыптастыруға, экономикалық өсу секторларына инвестиция тартуға көбірек көңіл бөлінуде. Аймақтар арасындағы тауар айналымына талдау көрсетіп отырғандай, экспорттың негізгі үлесі Қазақстанға келеді, сондықтан аймақішілік сауда мен байланыстарды дамыту қажеттілігі туындап, оны Central Asia Gateway сауда порталы арқылы ілгерілету мәселесі алдыға қойылып отыр.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-27

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Мақалалар