МЕМЛЕКЕТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИМИДЖІ «ЖҰМСАҚ КҮШ» ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ: БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • А. Ильясов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Е. Чукубаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.54.4.003

Кілт сөздер:

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), «жұмсақ күш», халықаралық имидж, дипломатия, гуманитарлық көмек, толеранттылық саясаты, білім беру бағдарламалары, мәдени іс-шаралар

Аннотация

Аңдатпа. Әр мемлекеттің күші мыңдаған жылдар ішінде дәстүрлі түрде оның қарулы күштермен, экономикасымен және өз саясатын жаһандық ауқымда енгізу қабілетімен сипатталды. «Қатты күш» деп аталатын саяси билік формасы көптеген жылдар бойы халықаралық аренадағы тараптардың саяси мүдделерін және мінез-құлқын түзетудің жалғыз құралы болды. Соған қарамастан, соғыс әдістерін қолдану, қорқыту мен мәжбүрлеу көбінесе адамдардың үлкен шығындарына әкеліп соқтырды, бұл өткен уақыттағы парадигмаларды қайта қарауға және басқа тәсілдерді табуға  мәжбүрледі. Ағымдағы әлемдік қоғамды гуманизациалау жағдайында мемлекеттің жаһандық ықпалын арттыру тек кана  ұлттық имиджді қалыптастыру кезінде мүмкін болды. Бірақ брендинг тұжырымдамасы балама дәстүрлі емес саяси тұжырымдама болғанымен, ол ақырғы кезде "жұмсақ күш"көрсету стратегияларының негізі болып көрсетілді.

Мақаланың мақсаты – БАӘ-нің «жұмсақ күш» саласындағы сыртқы саясатындағы негізгі үрдістерді және оның мемлекеттің имиджіне әсерін анықтау. Зерттеудің маңыздылығы БАӘ-нің аймақтық және халықаралық ықпал үшін күресте өзінің жетістіктерін сәтті пайдаланып, аймақтық және жаһандық экономикалық «қуат» ретінде өсуімен байланысты. Мақалада мәдени дипломатия, туризм, экономикалық табыс және халықаралық ынтымақтастық сияқты түрлі аспектілер қозғалады. Соңғы жылдары БАӘ дипломатия, бизнес және басқа да салалардағы мақсаттарға қол жеткізу үшін әлемдік аренадағы имиджін жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.  Осылайша, зерттеу БАӘ сыртқы саясатында қолданатын жұмсақ күш құралдарын көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, зерттеу дәстүрлі емес күштерді қолдану кезінде БАӘ болашақта кездесуі мүмкін қиындықтарды және кез келген ықтимал тұзақтарды болдырмау жолдарын анықтауға бағытталған.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-27

Жоба

Раздел

Мақалалар