ҚАЗАҚСТАН-АУҒАНСТАН ҚАТЫНАСТАРЫ: ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЗАМАН
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.54.4.004Кілт сөздер:
Ауғанстан, қауіпсіздік, Қазақстан, ҰҚШҰ, талибандар, сауда-экономикалық ынтымақтастық, Орталық Азия, дипломатиялық қарым-қатынасАннотация
Өткен ғасырдың 70-жылдарының аяғынан бастап ауғандық қайшылықтардың түйіні пайда болды. 1992 жылы Ауғанстан Ислам әмірлігі құрылды, оны 1996-2001 жылдары көптеген мемлекеттер террористік деп таныған «Талибан» қозғалысы басқарды. Ел аумағындағы көпжылдық қақтығыстар экономиканың құлдырауына және есірткі саудасының өркендеуіне әкелді.
Мақаланың негізгі мақсаты – Қазақстанның Ауғанстанмен дипломатиялық қарым-қатынастарының дамуын және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюін зерттеу.
Мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығы – Ауғанстандағы дағдарысты және террористердің, босқындардың және есірткі транзитінің ену қаупін болдырмау үшін сауда, инвестициялар, көлік, байланыс, білім, мәдениет, қазақ диаспорасын қолдау және т.б. спектрлер бойынша қатынастарды дамыту келешектерін анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі – зерттеу тақырыбы бойынша барлық қолда бар материалдарды бейтарап талдауға және Орталық Азия аймағының әртүрлі ішкі жүйелеріндегі халықаралық қатынастардың күрделі құрылымын ескеруге бағытталған халықаралық қатынастар құбылыстарына объективтілік және жүйелі көзқарас принциптері.
Зерттеу нәтижесінде Қазақстан 1992 жылдан бастап Ауғанстанмен дипломатиялық қатынастарды дамытып келе жатқаны анықталды. 1996 жылы Қазақстан мен ҰҚШҰ-ның барлық мемлекеттері Талибанға қарсы берік ұстанымға ие болды. Біздің елдер арасындағы қарым-қатынас 2001 жылы Талибан режимі құлатылғаннан кейін жандана түсті. Мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы саясат ведомстволарының бірнеше рет кездесулері өтті, парламенттік байланыстар, халықаралық және өңірлік ұйымдардағы өзара іс-қимыл нығая түсті. 2021 жылы Астана «Талибан» үкіметімен экономика және сауда саласындағы байланыстарды дамыту үшін іскерлік қарым-қатынастар орнатты, әсіресе Ауғанстан үшін қазақстандық бидай мен ұнның жеткізілуі айтарлықтай.
Гуманитарлық салада Қазақстан Ауғанстанға мектептер, ауруханалар, көпірлер салу, ауған студенттерін оқыту, кейбір провинциялардың тұрғындарын табиғи және басқа да апаттар кезінде азық-түлікпен және тауарлармен қамтамасыз ету бойынша көмек көрсетті.
Зерттеудің құндылығы – Қазақстан Республикасының Ауғанстанмен қарым-қатынасының дамуына талдау жасалды, ондағы жағдай өңірдегі тұрақтылық үшін зор маңызға ие. Орталық Азияның басқа мемлекеттерінің және осы елдегі ірі өңірден тыс державалардың белсенділігі көрсетілді, бұл Қазақстанға одан әрі қатынастарды даму векторларын айқындау үшін ынталандыру болады.Зерттеудің жарияланған нәтижелері саясаттанушылар, оқытушылар, бейіндік мамандықтар бойынша студенттер тарапынан сұранысқа ие болады.