КИБЕРҚАУІПСІЗДІК: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.54.4.005Кілт сөздер:
киберқауіпсіздік, цифрлық дәуір, стратегия, ақпарат, қауіпсіздік, вирустар, хаккерлік атакалар, кибербуллингАннотация
Бұл мақалада киберқауіпсіздік мәселесі және цифрлық дәуірде жастар тап болатын негізгі қауіптер қарастырылып, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар мен стратегиялар ұсынылған. Мақалада жастар арасында жүргізілген сауалнама деректерін талдау нәтижелеріне негізделе жазылған. Сондай-ақ мақалада киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің, оқу орындарының және жеке сектордың рөлі, халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы қарастырылған. Киберқауіпсіздік ақпарат пен деректерді рұқсатсыз кіруден, пайдаланудан және жойылудан қорғаумен байланысты сала болғандықтан, Қазақстанда және шетелдік халықаралық тәжірибелердің маңыздылығы терең зерттелген.
Мақала авторларының негізгі ойы мен мақсаты жастарды киберқауіпсіздік алдын алу шаралары процестеріне хабардар ету, цифрлік сауаттылыққа оқыту және тарту, қауіпсіз цифрлық ортаны қамтамасыз ету болып табылады. Авторлар мақалада киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін Қазақстанда және шетелдік халықаралық тәжірибелердің жастар арасында ақпараттандыруды арттыру және цифрлық кеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді шараларды әзірлеу қажеттігі туралы қорытынды жасайды.