ГЕРМАНИЯДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ РЕПАТРИАЦИЯ ҮРДІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕЛУІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.55.1.005Кілт сөздер:
этника, репатриация, көші-қон, неміс ұлты, кеш қоныс аударушылар, ресейлік немістер, бейімдеу, интеграция, ГерманияАннотация
Қазіргі таңда халықаралық қатынастар жүйесі тұрақсыздық жағдайына байланысты жылдам өзгере бастады. Оған Ресей Федерациясы мен Украина, Палестина мен Израиль арасындағы әскери қақтығыстар және Таяу Шығыс аймағындағы басқа да шиеленістер ықпал еткендігін атап өтуіміз қажет. Осы жағдайларды пайдаланып кейбір мемлекеттер шекарасынан тыс аймақтарда диаспорасы тығыз қоныстанған жерлерді өзіне қосып алу саясатын жанама түрде белсенді жүргізуде. Осылайша «титулды ұлтты» қалыптастыру процесі басталып жатыр. Сонымен қатар, ұлттық бірегейліктің жолдарын іздеп, этно-ұлтшылдықтың жаңа толқыны қалыптасып келеді. Бұл ретте, этникалық репатриация саясатын жүргізудің маңыздылығы артты. Бүгінгі күні әлемнің 40-тан астам елі осы бағытта мақсатты, нәтижелі жұмыстарды жүргізіп келеді. Оның ішінде Германия екінші дүниежүзілік соғыстан кейін этникалық көші-қонды ең алғашқылардың бірі болып бастаған болатын. Халықаралық аренада олардың репатриация саясатындағы тәжірибесі оң бағаланады.
Осыған орай, бұл зерттеуде авторлар Германиядағы репатриация саясатының мемлекет тарапынан реттелуіне кешенді талдау жүргізеді. Тарихи отанына қоныс аударушы ұлты неміс тұлғаларды құжаттандыру, бейімдеу және әлеуметтік қолдау бойынша қабылданған ұлттық заңдар мен бағдарламалар зерделенеді. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар арқылы ұйымдастырылатын интеграциялық жұмыстарға да шолу жасалады. Репатриацияның экономикалық, әлеуметтік салдары қарастырылады. Жалпы, тарихи отанына көшіп келушілерді мемлекеттік қолдаудың барлық сатылары сипатталады. Зерттеу еліндегі этникалық көші-қонның ұйымдастырылуы кезіндегі артықшылықтары мен кемшіл тұстары сараланады. Германияның этникалық репатрианттарды мемлекеттік қолдау бойынша тәжірибесін зерттеудің жалпы ғылыми тәсілдері мен әдістері қолданылды.