ДЖОН МИРШАЙМЕРДІҢ РЕАЛИЗМІ ЖӘНЕ УКРАИН ДАҒДАРЫСЫ

Автор(лар)

  • М.М. Омаров КазУМОиМЯ имени Абылайхана
  • Ғ.Б. Жұматай Нархоз университеті
  • А.С. Ысқақ Нархоз Университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.56.2.003

Кілт сөздер:

реализм, либерализм, Миршаймер, дағдарыс, Украина, НАТО, Батыс, Ресей

Аннотация

Аңдатпа. Бұл мақала қазіргі кезеңдегі Украин дағдарысы төңірегінде Америка мен өзге Батыс елдерінің академиялық орталарында орын алып жатқан пікір-таластарды зерттеуге арналған. Мақалада белгілі американдық ғалым Джон Миршаймердің Ресейдің Украинға қарсы әскери агрессиясына қатысты Батыстың көзқарасы мен ұстанымын түсіндіруі талданады. 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін Джон Миршаймердің жариялаған «Неге Украин дағдарысы Батыстың қателігі» эссесі мен өзге де еңбектерін сыни тұрғыдан талдау бұл дағдарыс үшін Путинді кінәлау және Ресейді қаралау Батыстағы негізгі үстем етуші көзқарас екенін көрсетті. Осы дағдарыстың өршуі жағдайында Джон Миршаймер Батыстағы мұндай нарративтер мен дискурстардың бір жақты екенін атап өтіп, Украинадағы жанжалдың туындауына АҚШ-тың жетекшілігіндегі Батыс елдері кінәлі екенін алға тартты. Джон Миршаймердің пікірінше Украинадағы жанжалдың туындауына 1990-шы жылдардан бері үздіксіз жүріп келе жатқан НАТО-ның шығыс бағытта кеңею үрдісі түрткі болды, өйткені Кремль НАТО-ның кеңеюін Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне төнген зор қатер ретінде бағалады. Бұған қоса Батыс елдері лидерлерінің халықаралық қатынастардағы қате теориялар мен парадигмаларды ту етіп көтеруі Батыс пен Ресей арасындағы қайшылықтардың тереңдеуіне түрткі болды. Нақты айтқанда, Батыс лидерлерінің трансатлантикалық қауіпсіздік мәселесінде либерализм парадигмасын басшылыққа алуы көптеген қателіктерге алып келді. Джон Миршаймердің Украина дағдарысы мен еуропалық қауіпсіздікке байланысты реалистік көзқарастары Батыста жетекші үстем етуші парадигмаға айналмаса да, ғалымның реализмге негізделген теориялары халықаралық мәселелерді дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар