НЕООСМАНИЗМ ЖӘНЕ ТҮРКИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Автор(лар)

  • А.А. Ермекбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ж.М. Екибасова Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
  • М.К. Кийкбай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.56.2.017

Кілт сөздер:

Түркия, Орталық Азия, неоосманизм, идеологиялық негіз, кемализм, сыртқы саясат, түрік моделі, геосаяси басымдықтар

Аннотация

Бұл мақалада аймақтық істердегі белсенділіктің өсуіне және елдің басым бағыттарының эволюциясына ықпал еткен XX-XXI ғасырлар тоғысындағы Түркия сыртқы саясатының идеологиялық негізі қарастырылады. Соңғы жылдары сарапшылар Ресей мен Қытайдың айқын геосаяси артықшылығына қарамастан, Орталық Азия аймағында ықпалын сәтті күшейтудің негізгі факторы ретінде Түркияның «неоосманизм» терминін жиі қолдана бастады. Идеологы А.Дәуітоғлы болып табылатын неоосманизм концепциясы қазіргі Түркияның сыртқы саяси қызметі мен османдықтардың тарихи мұрасы арасындағы байланысты және оның заманауи шындықтарды ескере отырып, «османдықтардың өткенін» қайтаруға бағытталғанын білдіреді. Автор салыстырмалы әдіс қолдану арқылы терминнің басқа параллельді идеологиялармен қатар әртүрлі түсіндірмелері мен түсініктеріне талдау жасайды.

Тарихи ретроспективада биполярлық әлемдік тәртіптің аяқталуы және КСРО-ның ыдырауы Түркияның аймақпен ортақ діни, мәдени және этникалық байланыстарды пайдалана отырып, посткеңестік кеңістіктегі жаңа егеменді мемлекеттердің вакуумын толтыруына ықпал етті. Осы түркі республикаларына үлгі ретінде Түркияның саяси және экономикалық құрылымы моделі ұсынылды. «Ұстамды ислам, демократия принциптері, адам құқығы мен еркін нарықтық экономика» ұғымдарын кіріктіре білген «түрік моделінің» таралуы Батыс тарапынан қолдау тауып, ал посткеңестік түркі мемлекеттерімен жақындасуы Еуразия жүрегіне «есік» рөліндегі Түркияның стратегиялық маңыздылығын атап көрсететін еді.

Қазіргі кезеңде түркі ынтымақтастығының нақты мәдени-гуманитарлық жобаларымен қолдау тапқан ортақ тарихи тамырлар туралы мәлімдемелер прагматикалық аймақтық нақты мүдделер мен өзара тиімділікке ұмтылуға негізделген стратегиялық экспансияны өзгерту үшін қолайлы жағдай туғызып отыр.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар