МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ ШЕШУДІҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ (АҚШ МЫСАЛЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП)

Автор(лар)

  • О. Ыскак Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • Ж.М. Толен Тұран университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.56.2.005

Кілт сөздер:

әлеуметтік қақтығыс, қоғам, диффузия теңдеулері, Лангевин теңдеуі, байланыс өрісі, конфликтология, математикалық модельдеу, қақтығысты болжау

Аннотация

Аңдатпа. Бұл мақалада Американдық тәжірибеде жиі қолданылатын математикалық модельдеудің кейбір әдістері қарастырылды. Олардың заманауи конфликтілерді болжау үшін қолайлы екендігі аңғарылды. Конфликтілерді АҚШ ұсынған математикалық модельдеу моделі арқылы болжауға әрі басқаруға болатындығы анық. Диффузиялық теңдеулерді қолдана отырып, әртүрлі әлеуметтік қақтығыстарды модельдеу мәселесі талқыланады. Қазіргі гуманитарлық ғылымдардағы математикалық модельдеудің негізгі тәсілдері мен әдістері де қарастырылады. Лангевин диффузиясына негізделген модель талданады. Бұл модель қоғамдағы барлық адамдар коммуникативті өріс арқылы өзара әрекеттеседі деген идеяға негізделген. Бұл өрісті қоғамдағы әрбір адам индукциялайды, адамдар арасындағы ақпараттық өзара әрекеттесуді модельдейді. Алынған теңдеулер жүйесінің аналитикалық шешімі диффузияның дивергентті түрі үшін біріншісінде берілген. Модельдеу арқылы алынған фазалық портреттерді талдау негізінде әлеуметтік жүйе тұрақты және жанжалсыз болатын тұрақтылықтың бар екендігі туралы қорытынды жасалады. Мақалада ойын теориясын конфликтологияда қолдану мүмкіндігі де қарастырылады. Заманауи әлеуметтік ғылымдарда қақтығыстарды болжау мен басқаруда математикалық модельдеудің қаншалықты қажет екендігі түрлі ғылыми мысалдар ретінде көрсетілген. Олардың кейбір түрлерінің қалай қолданылу керектігі мақаладағы ғылыми-тәжірибелік нұсқалықтарда жазылыпты. Сонымен қатар аталмыш ғылыми әдістер мен әдіснамаларға жақсы ғылыми талдау жұмыстары жүргізіліп, олардың түрлері мен ерекшеліктеріне мысалдар келтірілген. Әр мысал математикалық теңдеулер және формулалар арқылы толықтырылған.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-30

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Мақалалар