КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ БОЙЫНША ИРАННЫҢ ПОЗИЦИЯСЫ

Автор(лар)

  • А.Н. Данова Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.56.2.020

Кілт сөздер:

Каспий теңізі, құқықтық мәртебе, конвенция, Қазақстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Иран, Ақтау саммиті

Аннотация

КСРО ыдырағаннан кейін біраз уақыт бойы Каспий теңізі КСРО-ның құқықтық мұрагері ретінде екі мемлекетке, атап айтқанда Ресейге және Иранға тиесілі болды. Алайда бұл жаңадан құрылған жағалаудағы посткеңестік елдер арасында Каспий теңізінің суын, түбін және қойнауын пайдалануға қатысты елеулі қайшылықтар туғызды. Мұндай мәселелерді шешу үшін барлық Каспий маңындағы мемлекеттердің мүдделерін ескере отырып, Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін белгілеу қажет болды.

Ресей Федерациясының бастамасымен 1996 ж. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын әзірлеу бойынша жұмыс басталды, ол барлық жағалаудағы мемлекеттердің мүдделеріне бағытталған. 50-ден астам кездесу мен 5 саммитті қоса алғанда, Конвенция жобасы 2018 жылы Ақтауда шарықтау шегіне жетті.

Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты Иранның көзқарасын зерттеу және Ақтау саммитінің Иранға әсерін бағалау. Жұмыста Иранның келіссөздердегі рөлі мен Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша ұстанымы талданады. Осы талдау арқылы мақала Каспий теңізінің құқықтық базасының күрделілігі мен Иранның мүдделері мен оның басқа жағалаудағы мемлекеттермен қарым-қатынастарына салдары туралы түсінік беруді мақсат етеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар