ДӘРМЕНСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.56.2.006Кілт сөздер:
әлсіз мемлекет, интервенция, қауіпсіздік, мемлекеттік құрылыс, геосаясат, АҚШ, БҰҰ, посткеңестік тәжірибеАннотация
Бұл мақалада мемлекеттің дәрменсіздігі сияқты күрделі мәселе қарастырылған және жүйелік жіктеудің қай дәрежеде әр түрлі мемлекеттер арасындағы қайшылықтарға алып келетіндігіне қатысты жаңа көзқарас ұсынылады. Мемлекеттің дәрменсіздігі тұжырымдамасы 20 ғасырдың аяғында академиялық пікірталастың маңызды тақырыбына айналды және ондаған жылдар бойы халықаралық күн тәртібіннің маңызды тармағы ретінде айқындалды. Мемлекеттің дәрменсіздігі мәселесін шешу мақсатында кейде ауыр салдарлармен де аяқталған әртүрлі стратегиялар қолданылды. АҚШ-тың дәрменсіз мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға жасаған алғашқы әрекеттері көп ретте жағымсыз нәтижемен аяқталды. Керісінше, Біріккен Ұлттар Ұйымы өз күш-жігерін ірі бітімгершілік миссияларының бөлігіне айналған мемлекеттік құрылыс мәселелеріне жұмсады. АҚШ-тың араласуы кейбір қауіпті прецеденттерді туындатқызғанымен, БҰҰ өзін әлсіз аймақтарды сақтауға тырысатын және халықаралық тұрақтылықтың толықтай күйреуін болдырмауға ұмтылатын соғыстан кейінгі негізгі институт ретінде айқындайды. Ықпалды ақпарат көздері дәрменсіз мемлекеттер феномені басыла бастағандығын айтқанымен, бейберекет аумақтардың және әлсіз үкіметтік құрылымдардың негізгі проблемалары әлі де сақталуда. Осындай дәрменсіз мемлекеттерді басқарудың тұрақты проблемасы тұрақсыздықты алдын алу және тұрақты басқару мақсатында тиімді халықаралық стратегияларды қабылдау қажеттілігін көрсетеді. Осы талаптарға жауап бере алатын ұсыныстарды дайындау үшін біз тақырыптық зерттеулер мен сапалы талдау сияқты бірқатар әдіснамаларды қолдандық.