ЗАҢДЫҚ МЕДИАЦИЯ: ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.56.2.018Кілт сөздер:
құқықтық медиация, медиатор, нотариалдық қызмет, мұрагерлік мүлік, конфликт, делдалдық қызмет, бітімгершілікАннотация
Мақалада құқықтық медиация түсінігі жан-жақты әлеуметтік, заңдық, саяси қырынан сипатталып, медиацияның пайда болуының алғышарттары және Еуропа елдеріндегі (АҚШ, Англия, Фрнация, Нидерланд, Германия, Австрия, Италия, Швейцария) медиация процесі халықаралық тәжірибелер арқылы салыстырмалы талдаулармен негізделген. Даулы мәселелерді, мысалы: жер, үй мүлік, ажырасу процесі, конфликтілерді шешу үшін бейтарап үшінші тарапты – төрешіні (арбитрді) тарту арқылы жүзеге асырылатын аралық сот болашақ медиацияны талдадық. Мақалада сонымен қоса, Еуропалық комиссиямен Медиаторлардың еуропалық кодексі туралы, Еуропалық Парламент пен Кеңес «Азаматтық және коммерциялық істердегі медиацияның кейбір аспектілері туралы» нұсқаулары туралы да кеңінен қарастырылып, қазіргі уақытта медиация қалай жүріп жатқандығы ғылыми негізде талқыланған. Америкалық корпорация мен 250-ден астам құқықтық фирмалар дау болған жағдайда ымыраласуға әрекет жасалғанша, 75–85%-да медиаторға жүгінеді және оң шешімін табатыны, АҚШ-та түрлі салаларда делдалдық қызметті реттеуші заңдарын біріктірген Медиация туралы бірыңғай заң қабылданғаны жазылған.
Мақаланың өзектілігі тек Еуропа елдеріндегі медиация процесі ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда да осы процестің өту барысы сипаттала кетеді. Салыстыра кетсек, шет мемлекеттерде бұл жүйелі заңды процесс болып практикада қолданыста болса, біздің елімізде практикада қолданыста жүргенімен әлі де жетілдіру қажеттілігі байқалады. Медиация туралы тренинг және семинарлар жүйесі арқылы медиаторларды даярлау мақсатында ағартушылық және оқу қызметтерімен айналысатын Сібір конфликтология орталығы (Қостанай), Көкшетау медиация орталығы (Көкшетау), медиация және бітімгершілік орталығы (Алматы), «Медиация және құқық орталығы» (Қарағанды) туралы да мақалада сөз етілген, Құқықтық медиация туралы шетелдік, ресейлік және Отандық ғалымдардың еңбектері де талдана кетеді.