РЕСЕЙ-УКРАИН СОҒЫСЫ: МЕДИАЦИЯ МҮМКІНДІТЕРІ МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР

Автор(лар)

  • Райымбекова Акерке Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.56.2.012

Кілт сөздер:

медиация, келіссөздер, соғыс, Украина, Ресей, халықаралық қауымдастық, халықаралық қатынастар, Қазақстан

Аннотация

Халықаралық қақтығыстарды реттеудегі медияциялық қызмет мәселелері қазіргі әлемдік саясаттың өзекті мәселесі болып табылады. Көптеген халықаралық даулар мен қақтығыстар бітімгерлік қызмет пен медиацияның арқасында қанды сценарийлерге ұласпай, бебіт келісімдермен шешілді. Бірақ әлемдегі болып жатқан қазіргі қақтығыстардың күрделілігі және халықаралық құқықтың жалпы қабылданған нормаларының жиі бұзылуы медияция қызметі тетіктерін қайта қарастыру керектігін айқындайды.

Бұл мақалада автор Украинадағы жағдайды реттеуге медиатор рөліне  үміткер елдердің қатысу сценарийлерін модельдеуді қарастыруға тырысады. Украинада бейбітшілік орнату мәселесі күрделі, себебі медиацияның барлық нормалары өз ресурстарын жұмсады, дегенмен жағдайға ықпал ете алатын бірқатар елдер бар. Мақаланың негізгі мақсаты қақтығысушы тараптар арасындағы диалог орнату процесінде шешуші рөл атқаруға тырысатын бірқатар елдердің мүмкіндіктерін мен мүдделерін қарастыру болып табылады. Сонымен қатар мақалада ұсынылған зерттеу қазіргі заманғы сын-қатерлер мен өзгеріп жатқан жаһандық динамика контекстіндегі халықаралық бітімгершілікке бағытталған. Жұмыста халықаралық қатынастардың тарихи деректері мен заманауи шындықтарына сүйене отырып, бітімгершіліктің әртүрлі аспектілері мен тәсілдері қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар