ИРАННЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУДАҒЫ КӨЛІК ДӘЛІЗДЕРІНІҢ РӨЛІ

Автор(лар)

  • А. Алтынбек Тұран университеті
  • С.Т. Джакубаева Джордж Вашингтон университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.57.3.012

Кілт сөздер:

көлік дәліздер, аймақтық ынтымақтастық, экономикалық интеграция, геосаяси стратегия, сауда жолдары, Иран, Орталық Азия, аймақтық тұрақтылық

Аннотация

Иранның дамып келе жатқан сыртқы саясаты контекстіндегі Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты нығайтудағы көлік дәліздерінің рөлі маңызды екені сөзсіз. Ресей-Украина қарама-қайшылықтарының ушығуы және Халықаралық Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізі (INSTC) сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалардың кеңеюі жағдайында Иранның Орталық Азиядағы стратегиялық бастамаларының өзектілігін арттыра түсті. Бұл мақала Иранның аймақтық ықпалын және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын арттыруға көлік дәліздерінің әсерін зерттеуге бағытталған.

Зерттеудің негізгі сұрағы: Көлік дәліздері аймақтық тұрақтылық пен экономикалық интеграцияға қалай әсер етеді? Зерттеу гипотезасы – Иранның осы дәліздерді дамытуға белсенді қатысуы, Чабахар порты сияқты маңызды жобалар арқылы сауда мен байланысты арттырып қана қоймай, сонымен қатар геосаяси оқшаулануға қарсы тұрып, ұзақ мерзімді аймақтық ынтымақтастықты дамытады. Зерттеуде құжаттардың, мәтіндердің және аймақтық көлік стратегияларына қатысты сарапшылардың сұхбаттарының контент-анализ әдісімен талданған, аймақтық интеграция және өзара тәуелділік теориясы қолданылған.

Нәтижелер тиімді көлік инфрақұрылымының Орталық Азиядағы экономикалық даму мен саяси тұрақтылық үшін негіз бола алатынын  зерделейді. Иранның Ресеймен және Қытаймен ынтымақтастығы осыкөлік  дәліздерінің тиімділігін одан әрі күшейтіп қана қоймай, Батыстың ықпалына стратегиялық қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Сайып келгенде, зерттеу Иранның Орталық Азиядағы рөлінің кеңірек аймақтық интеграция және тұрақты даму үшін өте маңызды екенін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар