АЗИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕРІНДЕГІ АСЕАН ҰЙЫМЫНЫҢ РӨЛІ

Автор(лар)

  • Д. А. Исаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Б. Кузембаева Нархоз университеті
  • Е. С. Чукубаев Нархоз университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.57.3.016

Кілт сөздер:

экономикалық интеграция, АСЕАН, Азиядағы регионализм, АСЕАН 3, Шығыс Азия,, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея

Аннотация

Азиядағы экономикалық интеграция процестерінде АСЕАН ұйымының маңызы айрықша болып табылады. 1997 жылғы Азия қаржылық дағдарыстан кейін Азиядағы интеграциялық процесстер дами бастады. Азиядағы интеграциялық процесстердің ерекшеліктерінің бірі экономикалық ынтымақтастықты, сауда қарым-қатынастарын орнатуға ашық болуы. Осы ерекшелікке сәйкес, Азиядағы интеграциялық процесстер қарқынды дамып жатыр. АСЕАН ішкі (ұйымға мүше мемлекеттер арасында) және сыртқы интеграцилық процесстерге (мүше мемлекеттер мен серіктес мемлекеттер арасында) айрықша көңіл бөледі. АСЕАН аймақтық форумы, АТЭС, Шығыс Азия саммиті, АСЕАН+3 және басқалары сияқты сыртқы интеграцияға бағытталған АСЕАН бастамалары Азиядағы интеграциялық процесстердің дамуына оң әсерін тигізеді. Мақалада АСЕАН+3 ұйымы АСЕАН және Шығыс Азия мемлекеттері арасындағы сауда қарым-қатынастары, инвестиция және экономикалық ынтымақтастық бастамалары талданады. Бұл мақалада АСЕАН ұйымы мен Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық қарым-қатынастары зерттеледі. АСЕАН+3 форумы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен Шығыс Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттырды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Мақалалар