ЕУРОПА АЙМАҚЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ӨЗЕКТІЛІГІ

Автор(лар)

  • В. Смирнова SDU

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.57.3.017

Кілт сөздер:

денсаулық сақтау, трансшекаралық ынтымақтастық, ЕО, Қазақстан, Орталық Азия, ұтқырлық, пациенттер, медицина мамандары

Аннотация

Мақалада Қазақстан мен оның оңтүстік көршілері үшін денсаулық сақтау саласындағы еуропалық трансшекаралық ынтымақтастық тәжірибесінің өзектілігі қарастырылады. Орталық Азияның аймақтануының күшеюі, аймақ ішіндегі адамдардың, тауарлар мен қызметтердің қарқынды алмасуы жағдайында медицина саласындағы ынтымақтастық барған сайын маңызды бола түсуде. Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің мобильділігі, медициналық қызметтер мен жабдықтармен алмасу сияқты ынтымақтастық түрлеріне ерекше назар аударылады. Еуропаның трансшекаралық медициналық өзара әрекеттестік саласында 1000-нан астам жоба жүзеге асырған тәжірибесі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан үшін пайдалы болуы мүмкін. Сонымен бірге ынтымақтастық орнату кезінде құқықтық, бюрократиялық және саяси күрделіліктер, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселелері сияқты қиындықтарды ескерген жөн. Мақалада Испания мен Франция шекарасында бірлесіп салынған және басқарылатын аурухана жобасы, Швеция, Финляндия және Норвегия арасындағы ынтымақтастық жобасы сияқты трансшекаралық ынтымақтастық мысалдары талданады, мұнда трансшекаралық аймақтар ұлттық шекараларға қарамастан шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Бұл мысалдар шеткері аймақтарда қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттыру үшін медициналық жүйелерді интеграциялаудың артықшылықтарын көрсетеді. Сондай-ақ мақалада ынтымақтастыққа түрткі болатын факторлар талқыланады, соның ішінде шектеулі ресурстар және географиялық қашықтық, бұл Қазақстан мен оның көршілері үшін ерекше өзекті болып табылады. Табысты ынтымақтастыққа ықпал ететін механизмдерге талдау жасалады, оның ішінде мамандандырылған трансшекаралық аймақтарды құру және сыртқы қаржыландыруды тарту. Сонымен қатар мақалада серіктестер арасындағы ресурстар теңгерімсіздігі және өзара әрекеттесуді қиындататын саяси кедергілер сияқты әлеуетті қауіптер туралы да айтылған.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар