БАСЫМДЫҚТАРДЫ БЕЛГІЛЕУ: ЕУРООДАҚ ПЕН АҚШ-ТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫМЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.58.4.016Кілт сөздер:
Еуропалық Одақ, АҚШ, Орталық Азия, экономикалық ынтымақтастық, сауда қатынастары, шетелдік инвестициялар, энергетикалық қауіпсіздік, стратегиялық мүдделерАннотация
Соңғы кездері Орталық Азия аймағы Еуропалық Одақ пен АҚШ сиақты алпауыттардың назарында екені сөзсіз, сонымен бірге мында әр тараптың өзінің көздеген мақсаты бары анық. Мақалада Еуроодақ пен АҚШ-тың Орталық Азия аймағымен экономикалық қатынастары, оның ішінде сауда қатынастары, шетелдік инвестициялар және энергетикалық қауіпсіздікке баса назар аудара отырып салыстырмалы талдау ұсынылған. Транскаспий дәлізі сияқты негізгі даму жобаларын зерттеу - олардың экономикалық ынтымақтастығының тиімділігін, ауқымын және тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік береді. Орталық Азияда тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету — ортақ мақсат болғанымен, ЕО мен АҚШ-тың басымдықтары мен әдістері әртүрлі. Либералды интернационализм қағидаларына негізделген ЕО-ның тәсілі жұмсақ күшке, экономикалық ынтымақтастыққа, инфрақұрылымды дамытуға және демократияны институционалдық қолдау арқылы ілгерілетуге басымдық береді. Ал АҚШ геосаяси бәсекелестікке, энергетикалық жолдарды қамтамасыз етуге және әсіресе C5+1 сияқты платформалар аясында әскери ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған реализм теориясына жақын тәсілді ұстанады. Бұл салыстырмалы зерттеу Батыстың Орталық Азия аймағымен қарым-қатынасы жайлы ақпарат көзін кеңейтіп, оның геосаяси және экономикалық мақсаттарына көз ашуға мүмкіндік береді.