ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИПЛОМАТИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Автор(лар)

  • А.М. Жакьянова Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • К.Ч. Байсултанова Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.58.4.002

Кілт сөздер:

Экономикалық дипломатия, әдіснама, құралдар, формалар, құрал-жабдықтар, әдістер мен экономикалық дипломатияның түрлері, саясат, халықаралық қатынастар

Аннотация

Экономикалық дипломатия халықаралық қатынастардағы қазіргі заманғы дипломатияның маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Экономикалық дипломатияның өзектілігі бірнеше факторлармен анықталады. Ол елдер арасындағы өзара әрекеттесуде экономикалық аспектілердің маңыздылығының артуынан және мемлекеттердің халықаралық қызметі аясында дипломатиялық қызметтердің экономикалық функцияларының кеңеюінен туындайды. Әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер мен сыртқы экономикалық қызмет саласында жаңа акторлардың пайда болуы да халықаралық қатынастардың экономизациясына ықпал етеді.

Осы факторлар экономикалық дипломатияны әртүрлі қырынан зерттейтін ғалымдар үшін ғылыми қызығушылық тудырады. Олар сауда дипломатиясының тарихынан бастап қазіргі экономикалық дипломатияның формаларына дейінгі мәселелерді қарастырады. Дегенмен, осы зерттеулердің үзік-үзік сипатын авторлар атап өтеді.

Кейбір ғалымдар экономикалық дипломатияны сауда келісімдері мен инвестиция тұрғысынан түсінсе, басқалары оны санкциялар мен халықаралық қаржы одақтары сияқты саяси құралдарды қамтитындай кең ауқымда қарастырады. Бұл интерпретациялардың алуан түрлілігі экономикалық дипломатияның әдістері мен құралдарын түсінуге және жіктеуге қиындық туғызады.

Авторлар экономикалық дипломатияны халықаралық қатынастардың көп қырлы аспектісі ретінде зерттеу әдіснамалық қиындықтарды туындататынын атап көрсетеді, бұл оның құрылымы мен әдістерін анықтаудың бірыңғай тәсілінің жоқтығынан туындайды. Мәселе ғалымдардың экономикалық дипломатияның әдістері, құралдары, формалары, құрал-жабдықтары мен форматтары туралы түсіндірулерінің бірізді болмауында. Осы салада қолданылатын экономикалық дипломатияның аспектілерін жүйелеу үшін жан-жақты талдау қажет.

Авторлар экономикалық дипломатияны зерттеуге арналған әдіснамалық тәсілдерді жүйелеу мен талдауды, сондай-ақ экономикалық дипломатияда қолданылатын құралдарды жіктеуді талдауды мақсат етеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар