ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АЯСЫНДА ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ БОЛАШАҒЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ

Автор(лар)

  • А.А. Bitleuov Сорбонна-Қазақстан институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Z.D. Shaimordanova Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • A.K. Kurmangali Сорбонна-Қазақстан институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.58.4.004

Кілт сөздер:

тұрақты даму, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, экономикалық ынтымақтастық, экологиялық қауіпсіздік, жасыл экономика, энергия, аймақтық ынтымақтастық, жаһандық сын-қатерлер

Аннотация

Тұрақты даму климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың сарқылуы және әлеуметтік теңсіздіктің өсуі сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында халықаралық күн тәртібінің негізгі элементіне айналуда. Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразияның сегіз мемлекетін біріктіре отырып, бұл мәселелерді шешуде қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірегей әлеуетіне ие, бұл осы зерттеудің өзектілігін айқындайды. Зерттеудің мақсаты – ШЫҰ шеңберінде тұрақты даму қағидаттарын іске асыру перспективалары мен мүмкіндіктерін айқындау, ұйымның стратегиялық басымдықтарын, механизмдерін және бастамаларын бағалауға ерекше назар аудару. Жұмыстың негізгі бағыттарына ШЫҰ Жарғысының, 2025 жылға дейінгі Стратегияның және Жастар инновациялық кампаниясының Еуразиядағы экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақты дамуға қол жеткізудегі рөлін талдау кіреді. Зерттеу халықаралық ынтымақтастық механизмдерін теориялық тұрғыдан түсінуге үлес қосады және өңірлік деңгейде Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды талдау үшін эмпирикалық материал ұсынады. Практикалық маңыздылығы – өңірдің өзекті мәселелерін шешу үшін инновациялық және институционалдық тәсілдерді біріктіру мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу ШЫҰ аясындағы тұрақты дамуды зерттеу үшін әдістер кешенін қолданды. Контент-талдау ШЫҰ-ның үш негізгі құжатына: ШЫҰ Жарғысына, 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына және 2024 жылғы Жастар инновациялық кампаниясына негізделді. Деректерді жүйелеу және талдау төрт категория бойынша жүргізілді: экономикалық даму, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік даму және институционалдық тиімділік. Мәтінді талдау үшін Python құралдары, соның ішінде Pandas кітапханалары қолданылды, бұл деректерді кодтау және интерпретациялауға мүмкіндік. Зерттеу нәтижелері ШЫҰ Жарғысы ынтымақтастық негізін айқындайтынын, 2025 жылға дейінгі Стратегия тұрақты дамудың негізгі бағыттарын нақтылайтынын, ал CIPP жастар инновациялары мен экологиялық бастамаларға назар аударатынын көрсетті. Экологиялық күн тәртібін енгізу, трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту және жаңартылатын энергия көздерін енгізу ТДМ-ға қол жеткізудің маңызды перспективаларын ашады. Мақсаттарды іске асыру саяси келіспеушіліктер мен өңірдегі экономикалық теңсіздік сияқты қиындықтарға тап болуда. Зерттеудің құндылығы – жұмыс ШЫҰ сияқты өңірлік халықаралық ұйымдарда тұрақты дамуды зерттеудің қолданыстағы тәсілдерін кеңейте отырып, саяси, экономикалық және әлеуметтік аспектілерді біріктіреді. Зерттеудің үлесі – институционалдық механизмдерді нығайту және азаматтық бастамаларды тұрақты даму стратегияларын іске асыруға тарту бойынша ұсыныстар әзірлеуде. Зерттеу нәтижелері ШЫҰ стратегиясын оңтайландыру үшін, оның ішінде экологиялық бағдарланған жобаларды әзірлеу, инфрақұрылымдық бастамаларды қолдау және жастарды ТДМ-ды іске асыруға тарту үшін пайдаланылуы мүмкін. Жұмыс нәтижелері қатысушы елдердің мемлекеттік органдары, халықаралық ұйымдар және тұрақты дамуды зерттеушілер үшін де қызығушылық тудырады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар