ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ САЯСАТЫНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.58.4.003Кілт сөздер:
сыртқы саясат, Корея Республикасы, Орталық Азия, стратегия, аймақ, саяси ықпал, халықаралық қатынастар, геосаясатАннотация
Мақалада Оңтүстік Кореяның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығына негіз болатын сыртқы саяси стратегиялардың тұжырымдамалық негіздері қарастырылады. Орталық Азия аймағының саяси және экономикалық маңызы жаһандық аренада артып келеді. Оңтүстік Корея сыртқы саяси құралдарды, соның ішінде «Жаһандық Корея» стратегиясын пайдалану, Орталық Азия елдеріне дамуға ресми көмек көрсету және «Жаңа Солтүстік саясатын» жүзеге асыру арқылы аймақта өзіндік ерекше ұстанымын орнатуды мақсат етеді. Осыған қарамастан, Оңтүстік Кореяның Орталық Азия елдеріне қатысты сыртқы саяси стратегияларын іске асыру Қытай, АҚШ, Жапония және Ресейді қоса алғанда, ірі аймақтық ойыншылар қолданатын ұқсас стратегиялардың серпінді сипатымен қиындауда.
Отандық ғылымда да, шетелдік ғылымда да Орталық Азия аймағы Корея Республикасының экономикалық мүдделеріне лайықты назар аударған жоқ. Оңтүстік Кореяның Орталық Азия елдеріне қатысты сыртқы саяси стратегияларын сараптай келе, бұл стратегиялардың бірнеше оң жақтары болғанымен, оларды жүзеге асыруда кемшіліктер де бар екенін көрсетеді.
Авторлар Оңтүстік Корея соңғы жылдары дәстүрлі қарым-қатынастарын әртараптандырды және континенттік еуразиялық серіктестік арқылы қол жетімді ресурстарды пайдалануды мақсат етіп, Еуразиядағы серіктестермен екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға айтарлықтай күш салды деп қорытындылады. Корея Республикасы Орталық Азия елдерін Қытайдың Азия аймағындағы ықпалына қарсы тұрудың әлеуетті ресурсы ретінде қабылдайды, сонымен бірге еуразиялық континенттік саясаттағы Ресейдің позициясына шешуші тепе-теңдік ретінде қызмет етеді.