ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢНІҢ ГЕОСАЯСАТЫ: ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯНЫҢ ҒАЛАМДЫҚ КҮШТЕР ТЕПЕ-ТЕҢДІГІНЕ ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.59.1.005Кілт сөздер:
жаңартылатын энергия көздері, энергетикалық көшу, геосаясат, энерегетикалық қауіпсіздік, маңызды ресурстар, техникалқ даму, декарбонизация, энергетикалық тәуелсіздікАннотация
Энергетикалық көшу жаһандық энергетикалық тәртіптің трансформациялануына ықпал ететін фактор ретінде қарастырылады. Бұл процесс дәстүрлі көмірсутек көздеріне тәуелділіктің төмендеуіне және энергиямен жабдықтау жүйесінің орталықсыздандырылуына әкеледі. Нәтижесінде жекелеген мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігі нығаяды. Алайда, сонымен қатар, бұл үрдістер маңызды ресурстар, технологиялық көшбасшылық және стратегиялық жеткізу тізбектерін бақылау үшін бәсекелестікті күшейтіп, жаңа геосаяси шиеленіс ошақтарын қалыптастыруда.
Мақалада энергетикалық көшудің негізгі аспектілері, соның ішінде жаһандық ықпалдың қайта бөлінуі, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) технологиялары дамыған мемлекеттердің рөлінің артуы және дәстүрлі көмірсутек экспорттаушылары үшін туындайтын стратегиялық сын-қатерлер қарастырылады. Әртүрлі елдердің жаңа жағдайларға бейімделу механизмдері, жаңа энергетикалық тәуелділіктердің қалыптасуы және осы процестердің ұзақ мерзімді геосаяси салдары талданады. Сонымен қатар, ЖЭК дамуы жалғасып жатқандықтан, бұл процестердің көптеген аспектілері әлі де белгісіз болып отыр.
Қорытындылар энергетикалық көшудің әртүрлі мемлекеттерге әсерінің біркелкі еместігін көрсетеді: технологиялық артықшылығы бар елдер жаһандық энергетикаға ықпал етудің қосымша тетіктеріне ие болады, ал көмірсутек экспорттаушылары өздерінің экономикалық модельдерін қайта қарауға мәжбүр. Осы тұрғыдан алғанда, энергетикалық көшу геосаяси шиеленісті азайтудың біржақты факторы емес, керісінше оның сипатын өзгертеді, халықаралық ынтымақтастық пен бейімделу стратегиялары үшін жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер туғызады.