ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ӘЛЕМДЕГІ СОҢҒЫ ГЕОСАЯСИ КЕРНЕУ ЖАҒДАЙЫНДА: ТӘУЕКЕЛДЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Автор(лар)

  • Медеубаева Ж.М. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Таштемханова Р. М. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Катпенова А.З. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.61.3.011

Кілт сөздер:

Орталық Азия, арнайы операция, Украинадағы соғыс, геосаясат, геоэкономика, Транскаспийлық халықаралық тасымалдау маршруты

Аннотация

Бүгінде Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыстың салдары халықаралық саясат пен әлемдік экономикада айтарлықтай көрініс табуда. Сол сияқты Орталық Азия мемлекеттері осы соғыстың саяси, әлеуметтік-экономикалық ықпалын сезінуде. Аймақтың бес елінің Ресейдің 2022 жылдың басында Украинаға қарсы бастаған «арнайы операциясына» дейінгі кезеңдегі және бүгінгі таңдағы жағдайы мен әлеуетін үстіртін салыстырудың өзі мәселенің қаншалықты күрделенгенін көрсетеді. Жанжалдың үш жылдан астам уақытқа созылып кетіп, жуық арада толастау мүмкіндігінің бұлдыр болуы оның жуық және орта перспективадағы алаңдатушылық пен тәуекелдердің көзі болып қала беретінін дәлелдейді. Мақалада қарастырылып отырған мәселенің осындай өзектілігі тұрғысынан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстанда соңғы кезде қалыптасқан  әлеуметтік-экономикалық жағдайды салыстырмалы түрде саралау міндеті қойылды. Бұндай саралау нәтижесінде экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер ОА мемлекеттерінде бірыңғай болмағанмен, аймақ бойынша орташа жағдай Ресейдің «арнайы операциясына» дейінгі кезеңдегімен салыстырғанда ілгерілемеген және оның кері кеткен тұстары басым екендігін көрсетеді. Мақалада Еуразиялық Экономикалық Одақ факторына мән беріліп, Ресейге салынған санкциялардың ауыртпалығы оның мүшелері арасында бөлініп, Қазақстан мен Қырғызстан солтүстік көршіге тиген соққыны жұмсартуға мүмкіндік жасап отырғандағы қорытындыланған. Сонымен бірге, аймақ елдерінің әрқайсысы  қалыптасқан жаңа геосаяси және геоэкономикалық жағдайға шама-шарқынша бейімделіп, сыртқы саясат пен дипломатияда жаңа мүмкіндіктерді игеруге ұмтылып отыр. Сонымен қатар, бұл мемлекеттер үшін Украинадағы соғыстың салдарынан туындаған тәуекелдері мен мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырыстық. Қорытындыда аймақтағы жағдайдың жақын, орта және алыс перспективалардағы дамуына болжам жасалады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-09-30

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles