ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ БАҒДАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2020.42.4.016Кілт сөздер:
рухани құндылық, дін, Ислам, дінтану, экстремизм, радикализм, терроризм, жаһандану, Қазақстан жастарыАннотация
Мақалада Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алғаннан кейінгі көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамда жастар арасында діни көзқарас пен діни сауаттылық мәселесі қаралды. Бүгінгі таңда қазақ қоғамында ұлтжанды әрі иманды ұрпақ қалыптастыру, намысты, рухани ділі мықты жастарды тәрбиелеу өзекті мәселеге айналып отыр. Қоғамымызда жас буынның дінге деген бетбұрысының өзгергені байқалады.
Еліміз көп конфессиялы және көп ұлтты ел болғандықтан бір шаңырақ астында мұсылмандар да, христиандар да және де өзге дін өкілдері бейбіт әрі бір-біріне толеранттылық көрсетіп өмір сүруде. Әрине, бұл мемлекет тарапынан, Елбасы тарапынан жасалып жатқан тиімді іс-әрекеттер және қолайлы жағдайлар деп түсінеміз. Қазақстандағы ұлтаралық және