КИПР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК КИПР ТҮРІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.60.2.005Кілт сөздер:
Мақалада халықаралық қатынастардағы Кипр проблемасының алғышарттары мен туындауы, сондай-ақ 1974 жылы түрік әскери интервенциясына және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) құрылуына алып келген оқиғалар желісі қарастырылады және талданады. Бұл зерттеу Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстанның СКТР-ді сепаратистік заңсыз құрылым ретінде қарастыратын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1983 жылғы 541 және 550 қарарларын орындау міндеттемесіне байланысты соңғы оқиғалардың аясында өзекті және маңызды болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу Кипр Республикасының құрылуынан бастап СКТР-дің құрылуына дейінгі 1960 және 1983 жылдар арасындағы негізгі тарихи оқиғалар желісін қарастырады. Зерттеуде тарихи талдау және контент талдау әдістері қолданылады. Осы әдістерді пайдалана отырып, зерттеу ресми дипломатиялық құжаттарды, халықаралық шарттарды, 1960 жылғы Кипр конституциясын және басқа да дереккөздерді талдайды. Сонымен қатар зерттеуде жетекші ғалымдар мен сарапшылардың ғылыми еңбектері пайдаланылды. СКТР-дің құрылуын халықаралық қауымдастық 1960 жылғы халықаралық шарттармен үйлеспейді, сондықтан заңсыз деп санайды. Алайда, зерттеу нәтижелері бұл келісімдер мен Кипрдің 1960 жылғы конституциясын кипрлік гректер аса өрескелдікпен бұзғанын көрсетіп берді. Билікті біржақты және заңсыз басып алған демографиялық басымдыққа ие кипрлік гректер грек хунтасымен бірігіп, Кипр мемлекетін жойып, оны Грекиямен біріктіруді көздеді. Кипрлік гректер мен Грекияның халықаралық шарттарды және 1960 жылғы конституцияны өрескел бұзуы 1974 жылы шілдеде Түркияның әскери интервенциясына, аралдың екіге бөлінуіне және СКТР-ның құрылуына тікелей түрткі болды. Өз кезегінде СКТР-дың құрылуы Кипр мәселесінің шешілуінің жалғыз дұрыс шешімі деген тұжырым ұсынылады., Кипр, Грекия, Түркия, грек киприоттар, түрік киприоттар, Кипр Республикасы, конституция, келісім, интервенцияАннотация
Мақалада халықаралық қатынастардағы Кипр проблемасының алғышарттары мен туындауы, сондай-ақ 1974 жылы түрік әскери интервенциясына және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) құрылуына алып келген оқиғалар желісі қарастырылады және талданады. Бұл зерттеу Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстанның СКТР-ді сепаратистік заңсыз құрылым ретінде қарастыратын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1983 жылғы 541 және 550 қарарларын орындау міндеттемесіне байланысты соңғы оқиғалардың аясында өзекті және маңызды болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу Кипр Республикасының құрылуынан бастап СКТР-дің құрылуына дейінгі 1960 және 1983 жылдар арасындағы негізгі тарихи оқиғалар желісін қарастырады. Зерттеуде тарихи талдау және контент талдау әдістері қолданылады. Осы әдістерді пайдалана отырып, зерттеу ресми дипломатиялық құжаттарды, халықаралық шарттарды, 1960 жылғы Кипр конституциясын және басқа да дереккөздерді талдайды. Сонымен қатар зерттеуде жетекші ғалымдар мен сарапшылардың ғылыми еңбектері пайдаланылды. СКТР-дің құрылуын халықаралық қауымдастық 1960 жылғы халықаралық шарттармен үйлеспейді, сондықтан заңсыз деп санайды. Алайда, зерттеу нәтижелері бұл келісімдер мен Кипрдің 1960 жылғы конституциясын кипрлік гректер аса өрескелдікпен бұзғанын көрсетіп берді. Билікті біржақты және заңсыз басып алған демографиялық басымдыққа ие кипрлік гректер грек хунтасымен бірігіп, Кипр мемлекетін жойып, оны Грекиямен біріктіруді көздеді. Кипрлік гректер мен Грекияның халықаралық шарттарды және 1960 жылғы конституцияны өрескел бұзуы 1974 жылы шілдеде Түркияның әскери интервенциясына, аралдың екіге бөлінуіне және СКТР-ның құрылуына тікелей түрткі болды. Өз кезегінде СКТР-дың құрылуы Кипр мәселесінің шешілуінің жалғыз дұрыс шешімі деген тұжырым ұсынылады.