ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢБЕК МИГРАЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Автор(лар)

  • Токмеилова М. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • Асхат Г. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • Әйтімбет Л.І. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.60.2.016

Кілт сөздер:

еңбек миграциясы, Орталық Азия, көші-қон саясаты, құқықтық реттеу, еңбек нарығы, халықаралық көші-қон, аймақтық қауіпсіздік, көші-қон институттары

Аннотация

Бұл зерттеуде Орталық Азиядағы еңбек көші-қонын ұлттық және өңірлік деңгейлерде саяси-құқықтық реттеу ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты — аймақ елдеріндегі еңбек көші-қонына байланысты негізгі үрдістерді, проблемаларды және қиындықтарды анықтап, көші-қон үдерістерін реттейтін құқықтық тетіктерді талдау. Зерттеудің негізгі бағыттарына еңбек көші-қонын реттейтін халықаралық және ұлттық құқықтық актілерді сараптау, көші-қон саясатының институционалдық тетіктері мен тәжірибелерін анықтау, саяси факторлар мен мемлекетаралық өзара әрекеттестіктің көші-қон үдерістеріне әсерін зерттеу жатады. Зерттеудің өзегі — еңбек көші-қонын тиімді басқаруға бағытталған, донор және реципиент елдердің мүдделерін ескеретін үйлестірілген тәсілдің қажеттігін негіздеу. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы — Орталық Азиядағы еңбек көші-қонын құқықтық реттеудің қазіргі жай-күйіне кешенді талдау жасап, оны жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірлеуде болып табылады. Методологиялық негізі ретінде салыстырмалы құқықтану, саяси талдау, жүйелік және институционалдық әдістерге негізделген пәнаралық тәсіл қолданылды. Зерттеу нәтижесінде еңбек көші-қонын құқықтық қамтамасыз етудегі олқылықтар мен қайшылықтар анықталды, сондай-ақ аймақ елдері арасында көші-қон саясатын үйлестіру мүмкіндіктерінің шектеулілігі көрсетілді. Еңбек көші-қонын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында құқықтық нормаларды үйлестіру және институционалдық ынтымақтастықты күшейту қажеттігі туралы қорытынды жасалды. Жүргізілген зерттеудің құндылығы — көші-қон саясатына қатысты мәліметтерді жүйелеу және тұжырымдамалық тұрғыда пайымдау арқылы Орталық Азиядағы көші-қон үдерістерін ғылыми тұрғыда тереңірек түсіндіру. Жұмыстың практикалық мәні — алынған қорытындыларды нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде, сонымен қатар көші-қон саясаты стратегияларын қалыптастыруда және көші-қон мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-30

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles