«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2020.42.4.018Кілт сөздер:
рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығыАннотация
Мақаланың мазмұны рухани жаңғырудың мақсатын жан-жақты сипаттайды, ұлттық бірегейлікті сақтау жолдары, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлестіру, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу жолында халқымызды қандай жолдар мен мақсат міндеттер тосып тұр осы туралы мәліметтер кеңінен келтірілді. Рухани жаңғыру үдерісі дер кезінде қабылданған оң шешім деп танылады. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемелденген ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті екені сөзсіз.
Қазақстан Республикасының бірқатар мемлекеттік бағдарламалары халықтың әл-ауқатын жақсарту және мемлекеттердің өзін нығайту мақсатында, оның ішінде халықаралық аренада экономикалық және әлеуметтік-саяси салаларды дамытуға негізделген. Ал халық бірлігі үшін қоғамдық сананы жаңғырту идеясы - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды жоба.