«ОРЫС ӘЛЕМІ» ТҰЖЫРЫМЫ: СЫНИ ГЕОСАЯСАТ, САЯСИ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ҚЫРЛАРЫ

Автор(лар)

  • Ибадильдин Н. КИМЭП
  • Эпплс Й.
  • Исмағамбетов Т.Т. ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
  • Айтымбетов Н.Ы. ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.60.2.002

Кілт сөздер:

Орыс әлемі, қиялдағы қауымдастықтар, еуразияшылдық, биосаясат, сыншыл геосаясат, Посткеңестік кеңістік, көпполярлы әлем, жұмсақ күш

Аннотация

Бұл мақалада қазіргі Ресей режимінің идеологиясының құрамдас бөліктері саналатын «Орыс әлемі» (Русский мир), қиялдағы қауымдастықтар, еуразияшылдық және биосаясат – сыни геосаясат контексінде талданады. Соңғы онжылдықта «Орыс әлемі» тұжырымдамасы Кремльдің идеологиялық баяндауларында уақыт өткен сайын негізгі орынды ала бастады. Бұл тұжырымдама Ресейді қазіргі саяси шекараларынан тыс жатқан, тілді, тарихты және мәдени құндылықтарды байланыстыратын қауымдастықтар арқылы біріктіретін трансұлттық өркениет ретінде ұсынады. Орыс әлемі бейнесіндегі нарративті елестетілген қауымдастықтар қолдап, бұл трансұлттық байланыстарды күрделі әлеуметтік құрылым ретінде бейнелейді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін идеологиялық дискурс ретінде қайта жанданған еуразияшылдық Ресейді Батыстан да, Шығыстан да бөлек ерекше өркениет ретінде көрсетуге тырысады.

Зерттеу әдістемесі логикалық, тарихи әдіс және «Орыс әлемі» компоненттерінің өзара байланыстарын табуға негізделген. Зерттеудің ғылыми маңызы – бұл идеологиялық құрылымның мәнін түсінуде жатыр, ол геосаяси амбицияларды, әсіресе Ресеймен шекаралас елдерге қатысты, заңдастыру құралы ретінде қызмет етеді. Практикалық маңызы «Орыс әлемінің» түсінігінің әртүрлі құралдары мен формаларын жұмсақ, қатаң және олардың аралас нұсқаларын болжауға мүмкіндік береді. Қолданылатын құралдар мен формалар жағдайға байланысты таңдалады. Мысалы, Қазақстанға қатысты «Орыс әлемінің» жұмсақ формасы қолданылады. Украинаға қатысты ең қатаң түрі, яғни, «арнайы әскери операция» түрінде жүзеге асырылуда. Ал, Беларусь пен Ресейдің одақтас мемлекеттер интеграциясы мысалында көрсетіледі. Мақаланың қорытындылары насихаттық мәлімдемелердің артында тұрған «Орыс әлемінің» мәнін және шығу тегін, сондай-ақ көпполюсті әлемнің бір полюсі болуға ұмтылысын тануға мүмкіндік береді.

Қаржыландыру: Мақаладағы зерттеу Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қолдауымен АР26100127 «Саяси коммуникацияның тиімділігі контексінде қазақстандықтардың цифрлық медиа сауаттылығын арттыру» жобасы аясында жүзеге асырылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-07-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles